#qyzylordatv
Өңірде екі күнге созылған «JUNIOR SKILLS – 2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған білім додасы жас таланттардың қабілетін шыңдап, түрлі бағыттағы шеберлердің кәсіби әлеуетін бағамдауға мүмкіндік берді.
JUNIOR SKILLS – оқушылардың техникалық және шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған ұлттық жоба. Байқау биыл бірнеше кезеңнен тұрды. Әуелі қатысушылар теориялық тапсырмаларды орындаса, одан кейін практикалық модульдер арқылы өз жобаларын қорғап шықты. Робототехника, ағаш ұстасы, кондитерлік іс, сән технологиясы сынды бағыттар бойынша шеберлер бақ сынады.
ИНДИРА ЖАПАН, САРАПШЫ
/Екі күнге созылған байқаудың ішінде өте көп тәжірибелер алмасып. Жетекшілер мен оқушылар бір бірін жақсы танып, өздерінің өнерлерін көрсетті. Жетекшілермен бірге өздерінің жұмыстарын жоғары деңгейде көтеріп шықты. Алдағы уақытта осындай оқушылардың арасында да студенттердің де арасында осындай жарыстардың көп болғаны бір бірімен тәжірибе алмасуына жақсы үміт болады деп ойлаймын. Бұл жоба негізінде оқушыларға да студенттерге де оқытушыларымызға да жақсы септігін тигізді. Мүмкіндіктердің өте көп алаңы//
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас ғалымдар мен шеберлер ортақ алаңда өз өнері мен кәсіби дайындығын көрсетті. Қатысушылардың ең үздік жобалары анықталып, жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сый-сияпатқа ие болды.
НҰРИСЛАМ ӘЛІБЕК, БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
/Робототехникада біз лего приложениесі арқылы ЕБ3 роботын құрастырдық. Біздің роботты құрастыру 40 минутқа созылды. Біз республикаға бір ай бұрын дайындалдық. Біздің жетістігіміз осы екінші орын болды. ЕБ3 роботында әртүрлі механизмдер бар. Өзінің маторлары, бейнебақылаулары соның барлығын программа арқылы енгіздік. Робототехникаға ағайымыз дайындады. Біз робототехниканы осыдан тағы жалғастырамыз деп отырмыз. Байқау ұнады өте керемет болды. //
JUNIOR SKILLS – жас ұрпақтың кәсіби бағдарын айқындап, техникалық білімге деген қызығушылығын арттыратын маңызды жоба. Мұндай байқаулар өскелең ұрпақтың еңбекке, жаңашылдыққа, технологиялық даму бағыттарына бейімделуіне ықпал етеді.