#qyzylordatv
Жылу беру маусымы басталғалы Жаңақорған ауданында 8 өрт оқиғасы тіркелді. Оның төртеуі тұрғын үй секторында болған. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін төтеншеліктер үй-үйді аралап, халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Мамандар қыс маусымында оқыс оқиғалардың жиілеуін ең бірінші тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін елей бермейтінімімен байланыстырады. Мысалы, тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермейді немесе балаларды қараусыз қалдырады.
АЗАМАТ ҚОРҒАНБАЕВ – АУДАНДЫҚ ТЖБ ИНЖЕНЕРІ//
Тұрғындар жылу беру маусымында мына жағдайларды ескеру керек. Күн жылыда пеш, моржаларды тазалау керек. Электр сымдарының қысқаша тұйықталуын алдын алу керек. Сосын қоқысты аулада қараусыз қалдыру салдарынан орын алады.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ // Жылу беру маусымына тұрғындар тиянақтылық таныта бермейді. Тіпті қауіпсіздікті елей бермейтіндер де бар. Сондықтан төтеншеліктер үй-үйді аралап, осылай моржаны тазалау жұмыстарын ұйымдастыруда.
Жылу беру маусымы басталғалы төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары төрт жарым мыңдай үйді аралап шыққан. Ал әлеуметтік осал топтағы үйлерге 60 дана датчик орнатыпты.
Төтеншеліктер әлі де 250 ден астам үйді осындай құрылғымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Жалпы жыл басынан бері ауданда 46 өрт оқиғасы болған.