#qyzylordatv
Облыстық филармония әртісі Олжас Нұралиевтің Сыр сахнасында өнер көрсетіп жүргеніне 15 жыл толуына орай «Бәрі оралады» атты ән кеші өтті. Сыр перзенті концертте елге деген алғаусыз көңілі мен құрметін әуен арқылы жеткізіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Олжас Нұралиев – Сыр өңіріне белгілі өнер иесі. Жаңақорған ауданында дүниеге келген ол бала кезінен-ақ музыкаға жақын болды. Студент кезде де сахнада ән айтып, көптің алғысына бөленді. Талант пен еңбекті ұштастыра білген әнші халықаралық және республикалық конкурстарда лауреат атанды. Өз тыңдарманынан қалыптастырған Олжас Нұралиев мемлекеттік мерекелерде, шетелдік және республика деңгейіндегі концерттерде өнер көрсетіп жүр.
Әншінің жұбайы да мәдениет саласында қызмет атқарады. Концертте жары Назым Тілеулесовамен бірге орындаған әндері, дауыс үйлесімділігі көрерменді өзіне баурап алды.
ОЛЖАС НҰРАЛИЕВ – ӘНШІ
Маған лирический тенор болғаннан кейін лирикалық әндер орындаған жүрегіме жақындау. Сосын мынау Шығыстың, восточний өлеңдер дейді ғо, шығыстың стиліндегі өлеңдер қатты ұнайды. Билеп, қозғалып айтатын әндер.
Ерекшелік дегенде бір сахна, бір атмосфера, бір ән ғой. Дегенмен де менің көрермендерімнің көп бөлігі үлкен кісілер. Сондықтан да әндерімді баяу әндермен, бұрынғы Шәмші Қалдаяқов көкелеріміздің сол заманнан қазірге дейін тәттілігін жоғалтпай, сәнін құртпай келе жатқан әндерінің бір екеуін де орындаймын.
Өнер иесі концертте әр түрлі жанрда ән орындады. Жиналғандар бірде қарқынға толы музыканың әсерімен шабыттанса, бірде баяу да нәзік дауысқа елтіп, ерекше сезімге бөленді.
ӘЗИЗА ІЗДІҚҰЛОВА – ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ РЕЖИССЕРІ
Олжас ортабуын әншілердің ішіндегі өзіндік шғармашылығы бар, өзіндік репертуары бар, әсіресе бізде патриоттық әндер көп болады ғой, осы бағытта қандай да бір әнді жанды дауыста орындауға сондай бір керемет мүмкіндігі бар бала. Вокальдік мүмкіндігі де жақсы.Харизмасы бар. Өзінің көрермендері бар жинаған.
Концертте қызылордалық жас әнші Баян сұлу да өнер көрсетті.
Мәдениет саласының дамуына өзіндік үлес қосып жүрген Олжас Нұралиев концертте тыңдарманын әнмен қуантты. Ән кешінен көпшілік көңілді күйде тарқасты.