#qyzylordatv

Мемлекет басшысы World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Әйгілі спортшыны жаңа қызметімен құттықтап, World Boxing ұйымын басқару – үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

 «Сіз – дүниежүзілік деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандықсыз. Есіміңіз тариха алтын әріппен жазылатынына еш күмән жоқ, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кездесу соңында Президент отандық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Геннадий Головкинді І-дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Ал GGG көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, бокстың елде және әлемдік аренада дамуына үлес қоса беретінін жеткізді