#qyzylordatv

Президент еліміздің экономикалық дамуын жеделдету және инвестициялық климатты жақсарту мақсатында инвестициялық жобалардың сапалы әрі уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осы орайда облыс әкімінің төрағалығымен өткен штаб отырсында өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы талқыланды.

 Биыл өңірге 631,4 млрд теңге инвестиция тарту межесі бекітіліп, 10 айда 602,7 млрд теңге инвестиция тартылған. Жыл соныңа дейінгі меже мұнан да жоғары.

 МӨЛДІР ТӘУІПБАЕВА - ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

//Жыл соңына дейін 720 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту көзделуде.Экономиканы әртараптандыру мақсатында жалпы құны 2,8 трлн. теңге құрайтын 94 жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан аса жұмыс орны ашылатын болады. Жобалардың жиынтығы жалпыұлттық және өңірлік пулдан тұрады Атап өту керек, бұл жобалар Үкіметтің бақылауында тұр.//

Биыл, өңірде 27 ірі жобаны іске қосу жоспарланған. Бүгінгі таңда аталған жобалардың 12-і толық аяқталып, пайдалануға берілді. Оның 9 жобасы Қызылорда қаласында, 2 жоба Қазалы ауданында, 1 жоба – Жаңақорғанда жүзеге асырылған. Желтоқсан айында қалған 15 жобаны іске қосу көзделуде. Бұл ретте аймақ басшысы инвестициялық жобалардың уақытында іске қосылуы қажеттігін ескертті.

 Штаб отырысында облыс әкімі Жалағаш және Сырдария аудандарында іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны аз екенін, сондай-ақ Қармақшы ауданында жобалар қарастырылмағанын атап өтті. Әрі аудан әкімдеріне бұл бағыттағы жұмыстарды тиісті басқармамен бірлесіп, күшейту қажеттігін тапсырды.