#qyzylordatv

Қыс мезгілінде қауіпсіздікті қаперде ұстау өте маңызды. Тілсіз жаудың алдын алу үшін тұрғын үйлерге рейд жүргізіліп, арнайы құрылғылар орнатылды.

 Биыл өңірде 31 өрт оқиғасы тіркелді, өткен жылы 41 жағдай болған еді. Өткен жылы екі адам, биыл бір адам қаза тапты.

Қауіпті азайту үшін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке секторға тұрақты рейдтер жүргізуде, сондай ақ бақылауды қажет ететін тұрғын үйлерге түтін датчиктерін орнатып жатыр. Жылыту маусымы басталғаннан бері облыста 484 датчик орнатылды. Мамандар Талсуаттағы әлеуметтік осал топқа жататын 15 отбасының баспанасын қосымша құрылғымен қамтамасыз етті.

МЕЙРАМБЕК ЕСЖАНОВ – ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Акцияға облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ энергетикалық қызмет және Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы Акционерлік қоғамының мамандары қатысуда.

Біз отынмен және көмірмен жылытылатын үйлерді аралап, профилактикалық жұмыстар жүргіземіз және арнайы датчиктер орнатамыз. Сенсордың функциясы – егер үйден қауіпті иіс шығып немесе су ағып кету жағдайлары орын алса, түнде сигнал береді. Осының арқасында тұрғындар ақауды дер кезінде байқап, оны жоя алады. Департамент қызметкерлерінің ұсынысы бойынша тұрғындарға

жадынамалар таратылды.