#qyzylordatv

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент жыл қорытындысымен үздік қызметкерлерін марапаттады. Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған шарадан тілші бейнематериалы.

Жиынға облыс бойынша жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамы қатысты. Жыл қорытындысы бойынша бірқатар бөлімдер үздік деп танылып, тынымсыз жұмысы жоғары бағаланды.

ЖАСҰЛАН ШАНҚҰЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

ҚО қорғаныс істер департементінде 2025 жылғы оқу жылының аяқталуына байланысты қорытынды жұмыстары жүргізіліп, нәтижелері анықталып қазіргі таңда ҚО қорғаныс істері жөніндегі басқарма және бөлімдерінің арасында жыл қорытындысының нәтижесіне байланысты орындар белгіленді. Және де әрі қарай президентіміз 2025 жылды жұмысшылар жылы деп шыққан жарлығына сәйкес өзіміздің жұмысшыларымызды шақырып осындай кішігірім іс шара ұйымдастырып алғысымызды айтып осындай сый сияпат көрсетіп жатқан жайымыз бар.

СӘУЛЕТХАН ЖҮНАЙТҰЛЫ, КҮЗЕТШІ 5718

 Еңбегімізді елеп марапат жасап жатыр. Департамент басшысына және қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын. Бұдан кейін де адал еңбек етіп республикамызға жақсы қызметтер жасай беруге және де мына жігіттердің еңбегі қаралып жатқанына көп көп рақмет. 00:54 Жұмысшы мамандықтар жылы бойынша елеп ескеріп жатқан департамент басшылығына көп көп рақмет айтамын.

 Қорытынды жиын жылдық көрсеткіштерді бағалап қана қоймай, әскери саланың көрінбей еңбек ететін мамандарына деген құрметтің айғағы болды.