#qyzylordatv

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру - өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Бұл әлемдік тәжірибеде бар дүние. Осыған байланысты Бесарық ауылында инновациялық семинар өтті. «Сырдария смарт агро 2025» деп аталған жиында егіншілікпен айналысатын шаруаларға соңғы үлгідегі агродрон таныстырылды.

 Бұл соңғы үлгідегі DJI T100 деп аталатын агродрон. Ұшқышсыз басқарылатын құрылғы егіс алқабына тыңайтқыштар мен пестицидтер себуге арналған, тіпті күріш егуге де болады. Мамандардың сөзінше, дрон дельтапланға қарағанда экономикалық тұрғыдан тиімді.

 АЙДОС СЕҢГІРБАЕВ, «АГРОДРОН» ЖШС САТУ БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ \Бұл ауыл шаруашылығында өте маңызды жаңалықтардың бірі. Неге десеңіз, бұл дрон 100 кг көтере алады. Дельтаплан самолетке деген тәуелділік болмайды. Бұл дрон Қызылорда облысында көбінесе күрішке пайдаланады. Күрішті егуден бастап препарат, пестицид бәрін бере алады. Осы жылы Қызылордада 25 шақты дрон саттық Т 50 деген моделін. Қазір DJI T100 деген жаңа моделі кеп тұр. Қожалықтарға керек зат деп ойлаймыз\

 DJI T100 дроны бір күнде 200 гектардан астам жерге тыңайтқыш себеді. Және бір ерекшелігі, жарық шамы бар сондықтан түнде де жұмыс істей береді.

АЙДОС СЕҢГІРБАЕВ, «АГРОДРОН» ЖШС САТУ БӨЛІМІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ \Өзіміз «Абай Дәулет» компаниясының офисінде отырамыз. Сервис центріміз бар. үйретеміз, қызмет көрсетеміз....\

Қазіргі күні аймақтағы бірқатар шаруашылық агродрон қолданады. Диқандар заманауи құрылғының тиімді тұсы көп дейді.

 БЕЙБІТ БЕЛГІБАЕВ, «АБАЙ-ДӘУЛЕТ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ \Дронның ең тиімділігі ауру шыққан кезде дельтапланды күтіп отпайсың, тез сеуіп ауруды жоясың. Керек жеріңе сеуіп аласың....\

Шаруашылықтар үшін жағымды жаңалық, соңғы үлгідегі агродронға субсидия беріледі. Яғни, бұл құрылғына бағдарлама арқылы жеңілдетілген бағамен де алуға болады.