#qyzylordatv
Жаңа жыл қарсаңында халық азық-түлік бағасы қымбаттайды деп үрейленеді. Ал жауапты сала өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда. Яғни, сауда сөрелерінде баға тұрақты. Осыған көз жеткізу үшін облыстық мәслихат депутаттары базарға арнайы барып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын өз көздерімен көріп шықты.
Алдымен депутаттар ескі базардағы «Сыбаға» сауда орнына барды. Сауда нысанының бір бұрышында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұсынған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар сатылып жатыр. Ал мұны қарапайым халық біле ме? Депутаттар бұл сұрақты базар әкімшілігіне қойды.
Ал бағалар қалай болып жатыр?
ЖОРАБЕК НҰРЫМБЕТОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ //Өздеріңізге белгілі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша Үкіметтен бастап аймақ басшысы да тапсырма берген. Осы аралауда біз әлеуметтік дүкендер мен бұрыштарда бағалардың тұрақтандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстық. Дегенмен де, халық арасында соны құлақтандыру деген мәселе сәл төмендеу секілді. Бірақ, жалпы көкөніс, ет болсын барлық азық-түлік тауарлары бағасын ұстап тұрғандығына көзіміз жетті.//
Мұнан кейін, депутаттар әлеуметтік дүкендерді аралап, жауапты сала басшысына ондағы тауарлардың бағасын тұрақтандыру, сапасын қамтамасыз ету және аталған дүкендердегі өнімдердің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсынысын айтты. Ал тұрақтандыру қорында алдағы маусымаралық кезеңге өнім қоры жеткілікті дейді.