#qyzylordatv

Қызылордада және бір жаңа ғимарат бой көтеруде. Назарбаев пен Сұлтан Бейбарыс көшеліерінің қиылысында көрме орталығы салынып жатыр. Жоба құны 5 млрд теңге.

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жауапты сала басшылары жаңадан салынып жатқан нысан құрылысымен танысу үшін «Көрме орталығына» барды. «Көрме орталығының» құрылысы мамыр айында басталды. Ғимаратта көрме, конференция залдары, әкімшілік кабинеттер, санитарлық-тұрмыстық, техникалық бөлмелер бар. Көпфункционалды нысанда көрме, жәрмеңке, концерт өткізіледі, яғни бұл – әртүрлі ауқымдағы және форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге арналған экспозициялық кеңістік. Кең, ашық кеңістік түрінде жобаланған, жинақталып-бөлшектелетін көрме құрылымдарын орнату және жиі ауыстыру мүмкіндігі ескерілген. Бір мезетте 215 адамды қабылдай алады.