#qyzylordatv
«Бес ғасыр жырлайды». Осындай атаумен жыршы-жыраулар Марат Сүгірбай мен Күнсұлу Түрікпен облыс орталығында жыр кешін ұйымдастырып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Рухани жыр кешінде 13-ші ғасырдан бастап бүгінгі дәуірдегі ақын-жыраулардың шығармалары қамтылды. Бұл бүтін бес ғасырдың үнін сөйлеткен, мың жылдықтардың мұрасын жеткізген тағылымды кеш болды. Дәстүрлі өнердің өрісін кеңейту мақсатында қос өнерпаз әр дәуірдің үнін шығарып, ерлік, батырлықты дәріптейтін шығармаларды орындады. Күлтегін мен Тоныкөк жазбаларындағы жырлардан бастап, Қорқыт мұрасы көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
КҮНСҰЛУ ТҮРІКПЕН ¬– «ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ// Көзі қарақты, сауапты, сараптал жыр тыңдармандармен жолыққанымызға қуаныштымыз. Мен ойлаймыз жыр дәстүрін алға сүйреу арқылы, оларды насихаттау арқылы біздің жоғымызды түгендеп, бүтінімізді әрқайрай көрсетуге үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Сондықтан жыр кешінің Сыр өңірінен бастау алуы да бұл жобаның тегіннен тегін емес деп ойлаймын. Өйткені қазақ даласындағы жыраулық дәстүрдің үлкен шаңырағының бірі есебінде де осы өңірден бастау алып жатыр. Бұйырса Қазақстанның өзге өңірінде де жыр керуені алға қарай көшін жылжытады деген ойдамыз.
МАРАТ СҮГІРБАЙ – МӘДЕНИЕТ САЛСЫНЫҢ ҮЗДІГІ //Дәстүрлі өнердің дамытудың тетіктері көп. Бірақ, кәсібилікті сол бағзы, өзінің негізгі айнымау керек, өзгермеу керек бағыттарын ұстап отырып, біз алға қарай жылжуымыз керек. Жыршылық өнердегі сөз өнерді жаңа дәуірдің ақындары, жыршылары қайта жаңғыртқан жөн шығар деп ойлаймын.