#qyzylordatv
Арал ауданындағы Мергенсай ауылдық округінде биыл бірқатар жобалар жүзеге асып жатыр. Мәселен, Жалаңаш ауылында заманауи үлгідегі жаңа білім ошағы бой көтерсе, Тастүбек елді мекені орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылды. Тағы бір жаңалық, аудан орталығымен байланыстыратын жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Мергенсай ауылдық округі аудан орталығынан 64 шақырым қашықтықта орналасқан. Тұрғындардың басты тіршілігі - балық шаруашылығы. Мұны әр үйдің ауласында тұрған қайықтан аңғаруға болады.
ӘСЕМХАН ӘБІЛОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \1927 жылы іргетасы қаланған. Әдепкіде бірлестік болып құрылған. Кейін Жамбыл атындағы балық колхозы болып аталған. Теңіз тартылып кеткенмен сол кәсіпті әлі күнге дейін жалғап келеді. Елдің іргесі сөгілген жоқ. Қазіргі таңда облыс, аудан әкімдерінің қолдауымен ауылда игілікті істер жүзеге асып жатыр. Елдің болашағы жарқын, халық қуанышты күйде жүріп жатқан жағдайымыз бар\
Оның бір себебі ауылда «Келешек мектебі» үлгісіндегі заманауи білім ошағы салынды. 150 орындық жаңа мектеп Тәуелсіздік күні қарсаңында ел игілігіне беріледі деп күтілуде. Енді оқушылар жан жақты білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысады, кең әрі жарық спорт залда дене шынықтыру сабағын өтеді. Себебі, бұрынғы мектепте мұның бірі де жоқ еді.
АСЫЛБЕК КӨПЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \2005 жылы мектеп асарлатып салынған. 20 жыл болдығой енді күткенімізге. Осындай қуанышты істер болып жатыр. .... \
ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ \Жалаңаштағы жағымды жаңалықтың бірі жол құрылысы. Аудан орталығымен байланыстыратын 64 шақырым жолдың 13 шақырымына биыл асфальт төселеді. Өздеріңіз көріп тұрғандай қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр \
КҮЛПАШ ЖОЛДАСОВА, МЕРГЕНСАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ \жолдың 5\1 бөлігі асфальтталып, аяқталуға жақын. Қалған бөліктері әр лотқа бөлінген. Ауыл көшелері қамтылып тұр. бізде Мергенсай ауылдық округіне екі елді мекен қарайды. Соның бірі Тастүбек ауылы 30 шақырым жерде орналасқан соған су желісі тартылды. Бүгінгі таңда толық аяқталып тұр. Сиымдылығы 150 текше метр болатын қойма салынды. Жақында халықтың игілігіне беріледі.. \
Бір ғана ауылда отыздан астам кәсіпкер тіркелген. Солардың бірі Гүлмира Құтмамбетова. Көпбалалы ана 2022 жылы «Іскер» бағдарламасы бойынша несие алып, бизнеске бет бұрды. Қазір нан өнімдерін пісіріп, тұрғындардың сұранысын қанағаттандырып отыр.
ГҮЛМИРА ҚҰТМАМБЕТОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ \ауылда сұраныс көп. Той томалақ, құдай жолдарда булочки,самса пісіріп беремін...\
Іскер келіншек алдағы уақытта кәсібін ұлғайтып, шағын наубайхана ашсам дейді. Сонда бірнеше адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік болады. Тағы бір тұрғын «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген пайызбен несие алып, балық өнімдерін шығаруды қолға алмақ. Міне, шалғайдағы елді мекеннің тыныс-тіршілігі осындай. Ауыл тұрғындары «жұмыс жоқ» деп қол қусырып қарап отырған жоқ. Тірліктің көзін тауып, адал еңбектің нанын жеп отыр.