#qyzylordatv

Баланың заман көшінен қалмай, жан-жақты дамуына ықпал етудің маңызы зор. Жаңақорған ауданында оқушылар үйі мен өнер мектебі бір ғимаратта орналасқан. Креативті ой мен тың идеяны бір арнаға тоғыстыра білген шығармашылық ортада әріптесім Елдос Асан болып келді.

Аудандағы Оқушылар үйінде 4 бағыт бойынша 21 үйірме жұмыс жасап тұр. Онда 650-ден астам тәлім алуда. Яғни, қолөнер сыныбы, IT технология, пәндік кәбинеттерде оқушылардың қабілетіне қарай талабын ұштауда. Ал, ұлттық кабинетте жеткіншектердің бойында қазақы құндылықтар қалыптасып келеді.

 ТОҚБОЛАТ ЖОЛДЫБАЙ ¬– АУДАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ //Аудандық оқушылар үйінде 658 бала биылғы жылға қамтылды. 21 үйірме жұмыс жасап жатыр қазіргі таңда. Екі ауысымда жұмыс жасайды. Тағы бір айтатын мәселе ұмтылып бара жатқан ұлттық қолөнерді, кілем тоқу сияқты жобаларды, биылғы жылдан бастап тоқыма үйірмесін іске қостық. Алдағы жылы би үйірмесін ашуды жоспарлап отырмыз. Гүл өсіру деген үйірмелерді ашып, жылыжай салып, осы бағытта жұмыс жасамақшымыз. Және ер балаларға арналған баскетбол, волейбол үйірмелерімен ашып, спорттық үйірмелерді қоса қамтуға тырысып жатырмыз.

  Қорғаныс күштеріне арналған мына көлік-роботтың макетін оқушылар үйінің тәрбиленушісі Азамат Абламит ойлап тапқан. Заманауи техниканы небәрі бір айдың ішінде құрастырып шығыпты.

 АЗАМАТ АБЛАМИТ - ОҚУШЫ // Алдағы уақытта бұны джостик арқылы басқаруға жұмыс жасап жатырмыз. Үстіндегі соққы жасауға арналған ұшақтарымыз. Қазіргі тілмен айтқанда соққы жасайтын дрондар. Ал мынау қасында тұрған соққы жасайтын ракеталарымыз. // Қазір Қазақстанда Барыс, Арлан машианалар шығып жатыр. Солардан көріп, идеялар пайда болды.

 ДАСТАН ҚАДІРОВ - ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІСІ //Аудан орталықтарындағы мектептерден қазір 65 оқушыны қамтып отырмыз. Жас ерекешеліктеріне қарай 3 топқа бөлгенбіз. Біздегі оқушылардың жетістігі аудандық, облыстық, республикалық жарыстарға робоспорт бағытында қатысады. Және техникалық-шығармашылық бағытта жарыстарға қатысып келе жатырмыз. Бізде қазір Тараз қаласында өткен жарыста балаларымыз үміткер болып қайтты. Қостанай қаласында өткен жарыста өздерінің жұмыстарын жақсы нәтижеде көрсетіп, жақсы деген бағамен келдік.

Үйірмеге қатысатын жеткіншектердің саны жыл сайын артып келеді.

 МАРХАББАТ ӨТЕБЕКОВА ¬– АУДАН ТҰРҒЫНЫ // Оқушылар үйінде менің үш ұлымда келіп қатысқан үйірмелерге. Екі ұлым ағылшын тілі мен робататехника үйірмесіне қатысады. Үйірмелерден алып жатқан нәтижелелеріміз өте жоғары. Осындағы мамандарға алғысымды білдіремін. Өте мықты мамандар.

 Әлшекей атындағы өнер мектебінің жартығасырлық тарихы бар. Содан бері бұл шаңырақтан жүздеген талант түлеп ұшты. Мұнда кәсіби музыкалық дағдыға баулитын 11 үйірме жұмыс істеп тұр. Биыл аталмыш білім ұясында 500ден астам оқушы тәлім алуда.

 Баян аспабында ойнап отырған бұл балақай Әлинұр Рақымжанұлы. Қазірдің өзінде республикалық байқауларда топ жарып жүр.

Ал, бұл жетіген үйірмесі. Мұнда қазір 15-ке жуық шәкірт тәрбиеленуде. Ашылғанына екі жыл ғана уақыт болса да, шәкірттері республикалық байқаулардан олжамен оралуда.

Иә, ұлттық аспаптарды еркін меңгеріп, мақам-сазды санасына сіңірген осы жеткіншектер ертең-ақ ұлт руханиятына үлкен үлес қосары сөзсіз.