#qyzylordatv

Қызылордада оқушылар мен жастар арасында «Айтыс олимпиадасы» өтті. Облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізілген жыр бәйгесінен тілші бейнематериалы.

 Ұлттық тәрбиенің бір тармағы саналатын сөз сайысы жас буынның шығармашылық әлеуетін көтеріп, ой еркіндігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Соның бір дәлелі — «Айтыс олимпиадасы». Бұл жыр додасы биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр.

 НҰРМАТ МАНСҰРОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН

Бүгінгі өтіп жатқан жас ақындар жас жеткіншектердің айтысы, бұл енді біздің Қызылорда облысында дәстүрлі қалыпқа енген айтыстардың бірі.Облыстық мәдениет басқармасының айтыс ақындарымен жыршы термешілердің халықаралық одағы бірлесіа өткізетін айтысының мақсаты бұл – сыр айтыс мектебінің жаңа буынын жас ақындардың жаңа есімдерін анықтау солардың жүйріктерін даралау мақсатында өткізіліп келе жатыр. Жастарға арналған айтыс астын сызып айтуымыз қажет облыс әкімінің жүлдесі үшін өткізіледі.Бүкіл аудандардан біздің облысқа қарасты 10 ақын қатысуда мектеп оқушылары бар ішінде сондай ақ жас студент ақындар бар. Бүгін енді керемет жақсы бір айтыс болып жатыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба жас ақынның ойлау қабілетін шыңдап қана қоймай, елдік мәселелерді көтеруге деген жауапкершілікті қалыптастырады. Сонымен қатар айтыскерлік мектептің дәстүрін үзбей жалғастыруға жол ашады.

ЕЛДАР ӘМІРХАН, ЖАС АЙТЫСКЕР

Осы додаға арнайы Шиелі ауданының намысын қорғап келіп тұрған жайым бар. Осы Сыр елінің айтыс сүйер ағайынның бізге берген қолдауы қошеметі біздерді талай жетістікке жетеледі. Одан кейән де республикалық халықаралық дәрежедегі айтыстарда бағымызды сынап сырдың намысын қорғап жүрміз барынша. Бүгінгі айтыс өте сәтті өтті.Жүйрікте де жүйрік бар қазан аты бір бөлек, арғымақ әліне қарай шабады. Жақсы айтыс жасадық деген ойдамыз.Қалған жұмыс қазылар мен халықтың еншісінде.

 Қазақтың төл өнерін дәріптейтін тағылымды шара жас буынның шығармашылығына серпін берері сөзсіз. Биылғы дода жас таланттардың қанаттануына ғана емес, жаңа есімдердің жарқырауына жол ашты. Доданың бас жүлдесін Сырдария ауданынан келген Мансұр Нұрахмет қанжығасына байлады. Бұл өңірлік айтыс мектебінің жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын көрсетті.