#qyzylordatv
Биыл облыс орталығында жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы 21,6 млрд теңге бөлінген. Бүгінде біраз көше жөнделіп, көпір салынып, қаланың сәні кіріп қалды. Тұрғындар да дән риза.
Биыл қала аумағында әбден тозығы жеткен бірнеше көшеге асфальт төселді. Шет аймақтағы көшелердің де жол мәселесі шешімін тапты, бұрын қар мен жауын жауса, ми батпаққа айналып, жолаушыларға қиындық туғызатын, ол күн де артта қалды
АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ
Жыл басынан 27 көшеге жол салу және 3 көпір салу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда, жұмыстар толық аяқталды. Мамандардың айтуынша, асфальт сапасы халықаралық стандарттарға сай, әрі ұзақ уақытқа төзімді материалдар төселуде.
Қаладағы негізгі көшелердің бірі – Сағадат Нұрмағамбетов көшесі. Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесінен Жезқазған трассасына дейінгі 1.5 шақырым ұзындықтағы жолды асфальттау жұмыстары аяқталуға жақын.
Атап өту керек, қала көшелерін күтіп ұстау жұмыстары бойынша мердігер «Алем Транс Жол» ЖШС 35 көшеге толыққанды асфальт төсеу жұмыстарын және қала көшелерінің бұзылған асфальт қабаттарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
СӘРСЕНБЕК МАХАЕВ – «АЛЕМ ТРАНС ЖОЛ» ЖШС ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Алемтранс мекемесі бойынша. Атап айтатын болсақ, көпқабатты тұрғын үйлердің, одан қалды көпірлерді күтіп ұстау, көшелерге ямочный жұмыстар жасалып жатыр. Одан қалды Титов мөлтек ауданында біршама көшелерді жөндедік. Қазір Қорқыт ата көшесінен Жезқазған трассасына шығатын көшелердің жөндеп жатырмыз.
Қазіргі таңда Нұрмағамбетов көшесін КБИ мөлтек ауданында осы көшенің асфальт жабындысын салып жатырмыз. Бұл көшеге толықтай орташа жөндеу жұмысы істелді. Ескі асфальт жабындысы алынып тасталып, қиыршық тас төселді. Одан кейін асфальт екі слой асфальт төселіп жатыр. Құдай қалса, ертең бұл көшені қолданысқа бере аламыз деп айта аламыз.
Жол мәселесінің шешілуі тұрғындарды ерекше қуантты. Тегіс жол жаяу жүргіншілердің жүруіне де, қоғамдық көліктердің қатынауына да қолайлы.
БЕРДІБЕК ШӨКЕНОВ – ҚАЛАЛЫҚ ТКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
/ халыққа түйткілді мәселе болып табылатын мост Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы бойындағы көпір құрылысы пайдалануға берілді. Сонымен қатар халық арасында Гарбатмост деп аталып кеткен Жаппасбай батыр мен Бейбарыс көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығы толық күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Қараөзек ауылдық округіндегі Қожақ каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі толық жөндеуден өткізілді.Сонымен қатар өздеріңізге белгілі Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылының екінші кезеңі болып табылатын Бейбарыс көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі аралықа 4 жолақты жол құрылысы салынып, халық игілігіне берілді.
Одан бөлек қаламыздың шет аймақтары, орталық аумақтары 25 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шет аймақтағы жолдар да назардан тыс қалмады. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес Титов шағын ауданындағы көшелердің де жолдарына асфальт төселді. Түсірілім барысында Ибадулла ақсақалмен тілдестік. Көше тұрғыны ерекше ризашылығын білдірді.
Жол мәселесі шешілгеннен кейін, көшенің де көркі кіріп, үйлер де еңселене түскендей. Жауапты тұлғалардың айтуынша, бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табады.