#qyzylordatv

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттері өндірістік аймақтарда тәжірибеден өтуде. Мәселен, «Бұрғылау қондырғысының машинисі» мамандығы бойынша білім алып жатқан жастар Қарамұрын кенішінде бұрғылау жұмыстарымен танысты.

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі білім алушыларды өндірістік және кәсіптік тәжірибеден өткізу мақсатында жиырмадан астам кәсіпорынмен келісім шартқа отырған. Солардың бірі «Волковгеология» акционерлік қоғамының №23 Геологиялық барлау экспедициясы. Кәсіпорын басшылығы жыл басында оқу орнына ЗИФ-1200 МПК бұрғылау қондырғысын тарту еткен болатын. Колледж студенттері қазір осы техникамен жұмыс істеп, біліктілігін жетілдіруде.

Қауіпсіздік ең басты қағида. Сондықтан студенттер өндіріс учаскесіне бармас бұрын мамандардың кеңесін тыңдап, техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысты. Мұнан соң Қарамұрын кенішінде бұрғылау жұмыстарының қалай жүргізілетінін көзбен көріп, тәжірибеден өтті.

 ҚАЙСАР БЕКАЙДАРОВ, «ВОЛКОВГЕОЛОГИЯ» АҚ №23 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ БҰРҒЫЛАУ ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ \Бұлар тек бұрғылау қондырғысының машинисі ғана емес колледжді бітіріп шыққасын мастер қызметіне дейін орналаса алады...\

 Шиелі индустриалды - аграрлық колледжі төрт жылдан бері бұрғылау саласы бойынша маман даярлап келеді. Осы жылдар ішінде 18 жас маман тұрақты жұмысқа орналасқан.

 Қарамұрын және Иіркөл кеніштерінде қазіргі күні 18 бұрғылау қондырғысы жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылығы ынтасы жоғары, қызығушылығы бар жігіттерді жұмысқа алуды көздеп отыр.