#qyzylordatv

Арал ауданында белгілі меценат, аудандық мәслихат депутаты болған Темір Бисембаевті еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті. Мекеме және кәсіпорын қызметкерлері арасындағы теңбіл доп додасына 12 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

 Темір Алдажұманұлы көзі тірісінде ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтың бірі. 2010 жылдан бастап «Т-Т Құрылыс сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарып, бірқатар құрылыс нысандарының бой көтеруіне атсалысты. Ал аудандық мәслихат депутаты ретінде көптеген бастамаларды қолдап, түйінді түйткілдердің шешілуіне ықпал етті. Жарыстың ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұрмұхаммет Бохаев пен қоғам қайраткері Нәжмадин Мұсабаев Темір Бисембаевтың елге сіңірген еңбегі туралы айтты. Мекеме қызметкерлері арасындағы тартысты турнир екі күнге созылды. Жарыс нәтижесі бойынша «Олимпик +35» командасы бірінші орынды жеңіп алса, №220 орта мектебі екінші, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі командасы үшінші орынға ие болды.