#qyzylordatv
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі» атты республикалық көшпелі көрме ашылды. Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени музей-қорығынан жеткізілген құнды жәдігерлерді енді қызылордалықтар да тамашалай алады.
Экспозицияның басты жәдігері – қасиетті Құран Кәрімнің түркі тіліне аударылған алғашқы нұсқасы. X ғасырдан бері сақталған тарихи кітап. Көрмеге бас-аяғы 160-тан астам жәдігер қойылған. Оның ішінде Шербай, Шпан қорымдарынан табылған археологиялық олжалар, Ясауидің төл еңбектері мен оның шәкірттері қалдырған тарихи қолжазбалар бар.
МҰРАТ ТАСТАНБЕКОВ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МУЗЕЙ ҚОРЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі Түркістан - мыңжылдықтар сәулесі атты көрме бұл өз кезеніңде Әзіреті-Сұлтан атанған яғни әулилердің сұлтаны деп аталған Қожа Ахмет Ясауидің мұрасымен, іліміне арналған көрме болып табылады.. Жасы кіші келушілерге де арналған Ясауидің өмір-тарихынан сыр шертетін картиналар, яғни Ясауидің Арыстан-бабтан құрма алуы, Ясауидің медреседегі шәкірттері және Ясауиге байланысты бірнеше аңыздар осы картина түрінде берілген. Қызылорда қаласыңдағы көрме екі аптаға жалғасады, келушілерді келіп тамашалауға шақырамыз.
ЖАННАТ АХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жалпы бұл көрменің негізгі мақсаты осы қорыңдағы керемет, қайталанбас дүниелерді Қызылорда халқына насихаттау, тек қана Қызылорда халқына емес жалпы бүкіл республикамызға тіпті шет мемлекеттерге де насихаттау, сонымен қатар, музейлер арасындағы тәжірибе алмасу, музей интеграциясының одан әрмен қарай күшейту болып табылады. Бұл көрменің жалғасы әлдеде болады, барлық аудандарға осы көрме ұйымдастырылып, 11 аудандық тарихи өлкетану музейлерінде де осы көрме жоба негізінде жалғасын тауып, үлкен бір шараға айналады деп сенеміз.
Тағылымды іс-шарада жас зерттеушілер Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінен үзінді оқыды.
МЕРЕЙ ҚҰРАЛБЕКҚЫЗЫ- АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Осындай көрмелер көптеп болғаны дұрыс деп ойлаймын. Себебі тарихты білу, тарихы мол қалаларды зерттеу жас ұрпаққа өте пайдалы болар еді.
Осылайша «Түркістан – мыңжылдықтар сәулесі» көрмесі –баға жетпес тарихи мұралармен жақын танысуға мүмкіндік береді.