#qyzylordatv
Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова Қорқыт ата атындағы Қызылорда Университетінің ұжымымен кездесті. Алқалы жиында университет ректоры Бейбіткүл Кәрімованы басқа қызметке ауысуына байланысты алдағы қызметіне сәттілік тілеп, білім ордасына сіңірген еңбегін сөз етті.
Филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Сәрсемханқызы еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультеті деканының орынбасары болып бастап әр жылдары орыс филология кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, Алматы үздіксіз білім беру университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті колледжінің директоры, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2020 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры қызметіне кірісті. Осы жылдар аралығында білім ордасының инфрақұлымын жаңарту, бизнес-процестерді цифрландыру, халықаралық байланыстарды нығайту, ғылыми әлеуетті арттыру және кәсіби бағдар беру бағытында белсенді еңбек етті. Сондай-ақ, QS британдық агенттігінің рейтингісі бойынша университет алғаш рет әлемдік мықты жоғары оқу орындарының қатарына кірді.
Салтанатты жиында Бейбіткүл Кәрімоваға «Қорқыт ата атындағы алтын медаль» табысталды.