#qyzylordatv
Аймақта «Ауыл аманаты» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, жоба басталғалы өңірде 275 өнеркәсіп, 60-қа жуық жылыжай, 10 жаңа тиіптік құс фермасы ашылған. Сондай-ақ, жоба аясында 1100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Премьер-министрдің орынбасары облысқа жұмыс сапары барысында сол жағалаудағы «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағында болды.Өнеркәсіптік нысанда азық-түлік өнімдерін шығаратын 8 өнідірістік цех іске қосылып, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ғимаратта қажетті инфрақұрылым, инженерлік желілер, өндірістік қойма және әкімшілік аймақ қарастырылған. Кәсіпкерлермен кездесу барысында Қанат Бозымбаевқа «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.