#qyzylordatv

Облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен кадрлық өзгерістерге байланысты жиын өтті. Басқосуда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – ректор Бейбіткүл Кәрімованы жаңа қызметке құрметпен шығарып салу рәсімі өтті.

  Мейрамбек Зинабдинұлы Бейбіткүл Сәрсемханқызының бастамасымен өңірдің басты білім беру ордасында ауқымды, нәтижелі жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

МЕЙРАМБЕК ШЕРМАҒАНБЕТ – ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Еліміздегі, өңірдегі жетекші оқу орындарының бірі болып саналатын Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін инновациялық кәсіпкерлік жоғарғы оқу орны ретінде қайта құрып, білім ордасының инфрақұрылымын жаңарту, бизнес-процестерді цифрландыру, басқару процестері мен HR процестерінің тиімділігін арттыру, халықаралық байланыстарды нығайту, кәсіби бағдар беру жұмыстрын ұйымдастыру арқылы табысты нәтижелерге қол жеткізді. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде университет қазіргі таңда жоғарғы оқу орындары арасында әлем, Азия, республика деңгейіндегі бірнеше беделді халықаралық рейтингтерде үнемі үздіктер қатарынан көрініп келетінін айтты. Бейбіткүл Сәрсемханқызы өңірде 6 жылғы жуық қызмет жасаған кезеңде университеттің студенттер контингенті 2,2 есеге, мемлекеттік тапсырыс негізінде оқитындар саны 4,8 есеге, ғылыми зерттеу жұмысынан түскен табыс 9,3 есеге, қаржылық кірістер 3,4 есеге, оқытушылар құрамының еңбекақысы 3 есеге өсті.

Білім беру саласында атқарған нәтижелі қызметі мен елеулі еңбегі үшін Бейбіткүл Сәрсемханқызына облыстың ең жоғарғы марапаты - Құрмет грамотасы табысталды. Жиында зиялы қауым өкілдері Басқарма төрағасы – Ректордың ел үшін атқарған қызметін ерекше атап өтіп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

 БЕЙБІТКҮЛ КӘРІМОВА

 Кешелі бері Сыр елінің қызы екенімді әсіресе қатты сезініп жатырмын.6 жыл ішінде сіздерге қатты бауыр басып кетіппін. Келген кезде барлық облыс, барлық қазақ бірдей шығар деп ойлайтынмын, бірақ Сыр елінің жұрты ерекше екен.

 Сонымен қатар көріп отырмыз. Өңіріміз қатты дамып жатыр. Қазір біздің өңіріміз республика көлемінде ең мықты өңір болып аталып отыр.Ол неліктен. Ол халықтың бірлігінен.Ол да Нұрлыбек Машбекұлының керемет басқаруынан.Соның арқасында Мемлекет басшымыз келіп оң бағасын беріп жатыр.Қазір қай жерге барсақ та мақтынып баратын болдық. Мен Қызылордадан келдім деп. Өңіріміз керемет дамып жатқан кезде жоғары білім және ғылым саласы содан қалыспау керек деп біз түсінеміз.Міне сондықтан да айтылып жатқан жылы сөздеріңізге рақмет. Бірақ мен оны менің жетістігім деп ойламаймын. Он екі мың студентіміз болса, сол коллектив, ұжымның арқасы.Сол өңірдегі зиялы қауым, сіздердің арқаларыңыз.