#qyzylordatv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының лауреаттарын марапаттады. «Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет деп санаймын» деді президент.

  Мерейі үстем болған азаматтардың қатарында орта және шағын бизнесті дамытып жүрген Сыр кәсіпкерлері де бар. Соның ішінде, «МаралНұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Алтын сапа» жүлдесіне ие болса, СКЗ-U серіктестігі – Парыз жүлдесін иемденді. Ал, «Асыл Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме-конкурсының жеңімпазы атанды.