#qyzylordatv
Арал ауданында биыл құны 1,2 млрд теңге болатын 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін тағы да төрт жоба іске қосылмақ. Нәтижесінде жетпістен астам жаңа жұмыс орны ашылады. Ауданда сондай-ақ шағын және орта бизнеске бет бұрған кәсіпкерлер қатары көбейіп келеді.
Бүгінде Арал ауданында бес мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, олардың 96 пайыздан астам тұрақты жұмыс істеп тұр. Жергілікті кәсіпкерлер жыл басынан бері
23,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, Аралдың басты бренді балығы мен тұзын экспортқа шығарды. Өңірде өңдеу өнеркәсібі, инвестиция тарту бойынша да нәтижелі жұмыстар атқарылуда.
РИНАТ ЖАНАЕВ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ \ Ауданның негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі
42,0 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда
185,2% пайызды құрады. 2025 жылы аудан көлемінде жалпы құны
9,0 млрд. теңге болатын 7 инвестициялық жоба іске қосылады деп жоспарланған болатын. Оның ішіндегі құны 1,2 млрд теңге болатын 3 жоба іске қосылды. ....\
Жыл соңына дейін құны 7,8 млрд. теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылады. Соның бірі «Тоғыс-Арал отын» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жоғары сұрыпты ас тұзын өндіру жобасы. Қазір зауыт құрылысы аяқталған, қажетті қондырғыларды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.
РИНАТ ЖАНАЕВ, АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ \құны 1,8 млрд теңге болатын жоғары сұрыпты тұз зауытын іске қосамыз. Бұл жерде 20 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жылына 40 тонна тұз өндіріледі. Экспортқа жіберіледі тұз өнімі. ...\
Аралда «Ауыл аманаты» жобасы бойынша да жеңілдетілген пайызбен несие алып, бизнес бастаған азаматтар бар. Солардың бірі Нұрболат Бисенбаев. Ағаш шебері жиһаз шығаратын цех ашып, қазір ауданмен қатар көршілес Ақтөбе облысынан да тапсырып алып отыр.
НҰРБОЛАТ БИСЕНБАЕВ, КӘСІПКЕР \Ас үй жиһазы, прихошка үй жиһазының барлық түрін жасап жатырмыз. Ақтөбе облысы, Ырғыздан да сұраныс болды. Ол жаққа да барып тұрмыз. Кейбір алыс қалаларға осы жерден дайындап салып жібереміз. Қазір осында үш адам жұмыс жасап жатырмыз... \
Ал, Аңсаған Мұхиядинқызы 2019 жылдан бері кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады. Екі жыл бұрын «Ауыл аманатынан» қаржы алып, кәсібін ұлғайтты. Қазір жеті адамды жұмыспен қамтып отыр.
АҢСАҒАН МҰХИЯДИНҚЫЗЫ, КӘСІПКЕР \Сұраныс өте көп, торттың 15 түрі бар... \
Құнанбай Қосболдин де бағдарламаның игілігін көргендердің бірі. 2,5 пайызбен 8 млн. теңге қаржы алған аудан тұрғыны көлік жуу орталығын ашыпты. Қазір тәулігіне 40-50 машинаға қызмет көрсетеді.
ҚҰНАНБАЙ ҚОСБОЛДИН, КӘСІПКЕР \қазір екі адамды жұмыспен қамтып отырмын. Бағдарламаның тиімділігі жақсы. Жа кәсіпкерлерді қолдағанына рақмет. Мой самның 1 млн 500 тұратын апаратын алдым соңғы үлгідегі. ...\
Жалпы, аудан бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында соңғы үш жылда құны 927,1 млн. теңгені құрайтын
153 жоба қаржыландырылған. Қаржының басым бөлігі өнеркәсіп өндірісі мен қызмет көрсету саласына бағытталып отыр.