#qyzylordatv

Еліміз бойынша 1-7 желтоқсан аралығында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпті жүргізуші» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде. Осыған байланысты Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдке шығып, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтап, құқық бұзушылықтың алдын алу тәртіп сақшыларына жүктелетін басты міндет. Аудандық полиция қызметкерлері осы мақсатта уақытпен санаспай қызмет етуде. Нәтижесінде жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторларымен 4530 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап өту керек, рейд жұмыстарының нәтижесінде қоғамдық орындарда жасалған қылмыс деңгейі 37 пайызға азайған.

ТАЛҒАТ ЛЕКЕРОВ, АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \ жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті сақату, жол қозғалысын ұйымдастыру, жол көлік оқиғасының алдын алу болып табылады. Сонымен қатар, Арал аудан көлемінде орнатылған 72 камерамен жұмыс атқарылуда\

 Ауданда 11 айдың қорытындысымен кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс орын алмаған. Дегенмен, жасөспірімдердің беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз жүру деректері көп. Осы мәселеге байланысты аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесіп кафелер мен ойын клубтарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 НҰРЛАН СҮЛЕЙМЕНОВ, АПБ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ \түнгі уақытта ауа райының күрт өзгеріп, тұманды болуына байланысты жүргізушілерді рота қызметкерлерімен бірлесіп тоқтатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. ....\

 Қазір күн райы қолайсыз болып тұр. Әсіресе, түн мезгілінде қалың тұман түсіп, күре жолдың бойында жүру қиындайды. Сондықтан сақшылар қауіпсіздік шараларына баса мән беріп жатыр.