#qyzylordatv

Әлемдік додаларда ел абыройын асқақтатып жүрген сырбойылық сайыпқырандар аз емес. Өңірімізде жыл сайын бұқаралық спортты дамытуға қомақты қаржы бөлінеді. Саланың серпілісіне бұл қаржы жеткілікті ме? Жалпы бұқаралық спорт қалай дамып жатыр? Тілшіміз Айдана Жұмадинова қаламыздың спорттық әлеуетін бағамдап, тұрғындар пікірін біліп келді.

 Иә, қала тұрғындары айтқандай қаланың әр аумағында денсаулығына көңіл бөліп, спортпен айналысып жүрген жандарды жиі байқаймыз.

 АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

Мұндай жаттығу жасайтын алаңдар қаланың әр аумағында бар. Кез келген уақытта, әсіресе таңертең келіп, жаттығу жасасаңыз болады. Есесіне энергия жинап, күні бойы сергек жүресіз.

 Қалада тұрғындардың тегін спорттық үйірмелерге қатысуына жағдай жасалған. Болашағынан үміт күттіретін жас спортшының бірі – Айдана. Ол аптасына 3 рет Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында грэпплинг үйірмесінде жаттығады.

 АЙДАНА БАЗАРБЕК – СПОРТШЫ

Мен бұл үйірмеге 8 жастан бастап келдім. Мен үйірмеге ағам, інілеріммен келіп жүрдім. Менің арманым көк туымызды желбіретіп, биікте тұрғанын қалаймын. Грэпплингтен күшті жетістіктерге жеткім келеді және жақсы спортшы болғым келеді.

 Қазір қаладағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы спорт клубында 12 түрлі үйірме бар. Мұнда мақсаты айқын, сенімі нық спортшылар жиналған. Айта кету керек, спорттық үйірмелерге 6 жастан бастап қала тұрғындары тегін қатыса алады.

 АСЫЛБЕК САЛМЫРЗАЕВ – Қ.МҰҢАЙТПАСОВ АТЫНДАҒЫ СПОРТ КЛУБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қазіргі таңда бізде спорт клубымзда 1370 оқушы жаттығуда. Атап айтсақ 12 спорт түрінен, күрес түрлері, парапауэрлифтинг, каратэ, қазақ күресі, дзюдо, еркін күрес, президенттік көпсайыс, греплинг, қоян-қолтық ұрыс спорт түрлері бойынша оқушылар бізде жаттығады.Негізгі жұмыс бағытымыз бұқаралық спортты дамыту және қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі құрама спортшыларын дайындау негізгі бағытымыз.

 Бұқаралық спортты дамыту жұмыстары туралы толығырақ білу үшін жауапты сала басшысымен жолықтық. Айтуынша бұл бағытта бірқатар жұмыстар іске асуда. Биыл қалада 206 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 30 мыңнан астам адам қатысқан. Оның ішінде 20 республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстар ұйымдастырылып, 4 мың спортшы бақ сынапты.

Қала бойынша бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарын қолдау мақсатында әр ай сайын «Евразия» спорт кешені, «Мұз айдыны» және «Тарлан» спорт кешеніне жолдамалар берілуде.

 ЕРКЕН ЖАНТУҒАНОВ – ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұқаралық спортты дамыту өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қазіргі таңда көріп отырғандарыңыздай прокуратура 6 желтоқсан прокуратура күніне байланысты прокурор қызметкерлер арасында облыстық жарыс өтіп жатыр. Және де бізде ай сайын бұқаралық спортты дамыту несінде үлкен жарыстар өткізіледі. Көпбалалы отбасынан шыққан балаларға үлкен тегін бассейнге, тегін мұз айдынға ай сайын 2 мыңға жуық талондар таратылады.24 мың жылына. Соның өзі үлкен көмек.

 Қалада мүгедектігі бар азаматтардың да спортпен айналысуына жағдай жасалған.

 ЕРКЕН ЖАНТУҒАНОВ – қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы

Мүмкіндігі шектеулі жандарға бізде парапауэрлифтинг, тоғызқұмалақ түрлерінен спорт түрлері бар. Алдағы уақытта басқа да түрлерді ашу жоспарымызда бар негізі. 00.17 Мүмкіндігі шектеулі жандар спорт түрімен тек қана қазір бокс спорт клубында айналысады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені ашылады. Сол жаққа бізде бәрі спорт түрімен сол жақта айналысатын болады.

 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мөлдір Маханбетова биыл Талдықорған қаласында өткен спартакиадада 1-орын, сондай-ақ Тараз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленді. Жуырда Египет елінде өткен Әлем чемпионатында бақ сынады.

 МӨЛДІР МАХАНБЕТОВА – СПОРТШЫ

Мен парапауэрлифтинг спорт түріне 20 жасымда келген болатынмын. Сол уақыттан бері қарқынды түрде жарысқа дайындалып жатырмыз.. қазан айында Египетте елінде Каир қаласында өткен әлем чемпионатына қатысушысымын. Біз алдағы уақытта 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қызу дайындықтамыз.Және келесі жылы сәуір айында өтетін Азия ойындарына дайындалып жатырмыз.

Бір қуантарлығы, қаламызда сюжеттегі кейіпкерлеріміз секілді спортты жаны сүйетін жастар көбейген. Ал шаһарымызда спорттық шараларды ұйымдастыру әлі де жалғасады. Айталық, алдағы күндері футзалдан қала әкімінің кубогын өткізу жоспарланып отыр. Сол Іс-шараға 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ волейболдан қала әкімінің кубогы үшін қалалық ашық біріншілік өткізіледі.

Ал Тәуелсіздік мерекесіне орай ұлттық ойындардан қалалық ашық біріншілік ұйымдастырылады. Сайысқа республика бойынша 20 команда, 300-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда.