#qyzylordatv
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қазалылықтар жәрмеңкеге 100 тоннадан астам тауар әкеліп, өз өнімдерін қызылордалықтар тұтынушыларға ұсынды.
Биыл Қазалы ауданында 17 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Соның 5636 гектары күріш. Жәрмеңкеде дәнді дақылдың келісі 280 теңгеден сатылды.
ЕРКІН СЕЙІТОВ, ҚАЗАЛЫ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ \15 тонна күріш, 8,5 тонна балық өнімі, ет сүт өнімдері , көкөніс бақша дақылдары келді. Тұрақтандыру қорынан да өнімдер әкелініп, базар бағасынан 15-20 пайыз төмен бағада сатылып жатыр...\
Жәрмеңкеде Қазалының ащы кәмпиті мен «Рза»-ның сүт өнімдеріне сұраныс жоғары болды. Себебі, жергілікті жерде өндірілген өнімді тұтынушылар көп. «Агро Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күріші де қала тұрғындарының талғамынан шықты.
БАУЫРЖАН ӘБДІҚАЛЫҚОВ - «АГРО ӨРКЕН» ЖШС МЕНЕДЖЕРІ \Аранды ауылында өзіміздің 550 гк күріш алқабымыз бар. Соған егіп, жақсы өнімге қол жеткізіп, облысқа бірнеше мәрте әкелдік. Басқа өңірлерге де жіберіп отырмыз. Бүгінгі әкеп отырғанымыз янтарь сорты, халыққа қолжетімді бағада ұсынып отырмыз. .... \
Айта кетейік, азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатындағы жәрмеңке жыл соңына дейін ұйымдастырылады.