#qyzylordatv
Қызылордада «Бақыт мекені» жобасы аясында сала мамандарының кешенді кеңес беру алаңы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жас отбасылар мен студенттерге әлеуметтік қолдау, баспана мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы жаңа бағыттар жөнінде тегін кеңестер ұсынылды.
Жобаның басты мақсаты – жастардың болашаққа қатысты нақты әрі дұрыс шешім қабылдауына бағыт беру.
Кеңес беру алаңына қатысқан мамандар тұрғын үй бағдарламаларының шарттарын түсіндіріп, жұмысқа орналасу тәртібі, қаржылық қауіпсіздік сонымен қатар құқықтық сауаттылық бойынша толыққанды ақпарат берді. Келушілер өздеріне қажетті сауалдарын қойып, кеңес алды.
ЖАСҰЛАН АЛДАБЕРГЕНОВ - «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бақыт мекені жобасы аясында сала мамандарының қатысуымен жастарға тегін кеңестер беріліп жатыр. Бұл кеңестің негізгі мақсаты отау құратын жастарға отау құрған жастарға студент жастарға арнайы сала мамандары яғни отбасы банктен мансап орталығы, жастар ресурстық орталығы арнайы аманат партиясының жобасы аясында қарызсыз қоғам жобасы аясында жастарға кеңестер беріліп жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз осы болашақта отбасы құратын жастар осы кеңестерді алу арқылы өз болашағын жақсартуға әрекет жасаса деген ұсынысымыз бар. Одан да бөлек арнайы заңгерлерде тегін кеңестер береді. Әр аптаның бейсенбі күні сағат 11:00 мен 13:00 аралығында кеңес тұрақты түрде өтіп тұрады.