#qyzylordatv
Шиелі ауданында тағы екі елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді. Сондай-ақ осал топтағы азаматтарға 22 тұрғын үйдің кілті табысталса, Жаңақорғанда жаңа кешен мен асфальт зауыты жұмысын бастады. Оңтүстік аудандардағы оңды істер туралы келесі бейнематериалда.
Жансейіт ауылы мен 21 бекет Шиелінің іргесіндегі елді мекендер. Қос ауылдың тұрғындары осыған дейін от жағып, күл шығарып келген бейнеттен біржола құтылдық деп қуанып отыр. Қыркүйек айында басталған газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды.