#qyzylordatv #заңментәртіп
Облыс орталығында заң үстемдігін нығайтып, тәртіпті ту етуге бағытталған өңірлік форум болды. Облыстық қоғамдық даму басқармасы ұйытқы болған жиында бірқатар құзырлы орган өкілдері өзекті мәселелерді талқылап, профилактикалық жұмысты жетілдіру жайын ұсынды.
Заң мен тәртіп – дамудың діңгегі. Мұны мемлекет басшысы жиі қаперге салып жүр. Бірақ бұл демократиялық қағидалардан қиыс кетпеуі тиіс. Яғни, кез-келген келеңсіздіктің алдын алу шараларына басымдық берілген жөн. Бір сөзбен, болары болып, бояуы сіңгеннен кейін жаза басқанға жаза арқалату өнімді іс емес. Керісінше, заң талабынан айнымай, тәртіпті ту еткен қоғам қалыптастыру маңызды. Осы орайда өңірде заң үстемдігін негізге ала отырып, профилактикалық шараларға айрықша маңыз беріліп отыр. Міне, соның нәтижесінде аймақта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Айта кетерлігі, жыл басынан бері өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 11 жоба жүзеге асырылып келеді. Жиын соңында заң мен тәртіпті нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыру бағытында тиянақты еңбек еткен бірқатар азаматқа облыс әкімінің орынбасары мен мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының алғыс хаты табысталды.