#qyzylordatv

Қызылордада күріш қалдығы кәдеге жарап тұр. Ғалымдардың айтуынша, сабан құрылыс материалына, мал азығына және биогумус тыңайтқышына жараса, күріш қауызынан белсендірілген көмір мен шыны өндірісіне арналған таза кремний диоксидін алуға болады.

 Сыр өңірінде гектарлап егін еккен шаруашылықтар бұған дейін күріштен қалған сабан мен қауызын өртеп жіберетін. Ал оның қоршаған ортаға тигізетін зияны орасан.

 СӘКЕН ҚАНЖАР, ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ \Бұның құрамында 20 пайыз кремний диоксид деген заты бар. Бұл бізде өртегенде шаң түрінде атмосфераға тарайды. Және бұл өртенетін жерлерде өмір сүретін адамдардың өкпесіне осы кремний диоксид кіргенде, бұл бізде силикоз ауруына шалдықтырады. Бұл силикоз ауруының қазіргі таңда емі жоқ\

Енді шаруашылықтар күріш қалдығын бұрынғыдай өртемейді, керісінше түрлі әдіспен кәдеге жаратуда.

БЕЙБІТ БЕЛГІБАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ \Осы жауынқұртпенен араластырып, көңмен, сөйтіп, осы көңді биылғы жылы үлкен 3 гектар жүзімдікке пайдаланды биогумус қылып. Көп пайдасы тиеді екен мұның. Екінші биыл ауылды көгалдандыруға, гүл егуге, басқа да тал егуге барлығына осы биогумусты, өте табиғи тыңайтқыш қой енді. Осыны біз қазір пайдаланып жатырмыз\

СӘКЕН ҚАНЖАР, ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ \Осы күріштің қауызын және сабанын утилизация жолдарын қарастыру барысында біздің команда күріштің қауызынан және сабанынан белсендірілген көмір алған болатын. Және осы белсендірілген көмірді қазіргі таңда су тазалау фильтрлерінде орнатып, қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан бөлек күріштің қауызынан кремний диоксдін таза күйінде, 99,9 пайыз таза бөліп алған болатынбыз. Бұл бізде шынының шикізаты болып табылады.

 Ғалымдар күріш қауызы мен сабанынан тағы қандай өнім алуға болатынын зерттеп жатыр. Мәселен, күріш қалдығынан қатерлі ісікке қарсы дәріге қосатын арнайы майды химиялық жолмен алуға болады дейді.