#qyzylordatv

Аймақта кәсіп бастағысы келетін тұрғындарға қолдау жоғары. Кәсіпкерлер жуырда іске қосылған «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағына бизнес-экскурсия жасады.

 «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағында азық-түлік өнімдерін өндіруге бағытталған 8 өндірістік цех жұмыс істейді. Оның бірі – «Шұжық кзо» цехы. Өндіріс орнында шұжықпен қатар жартылай дайын өнімдер әзірленеді. Цех иесі «табиғи өнімнен жасалған шұжыққа сұраныс жоғары»,- дейді. Дайын өнімдер тапсырыспен ел аумағына ғана емес, шетелге де жөнелтілуде.

АЙЖАН СӘРСЕНБАЕВ А – ЦЕХ БАСШЫСЫ

//Біздің ашылғанымызға бір жарым жылдай болды. Бізден 40 түрлі өнім шығады. Бәрі табиғи өнім. Қойдың ас ішегі, сиырдың ас ішегіне салынады колбасаларымыз. Одан да басқа әсіптер бар бізде. Қартаға салынған әсіптер бар. Ысталған еттеріміз бар. Ысталған қазыларымыз бар. Колбасалардың оншақты түрі бар. Бірақ біз халықтың сұранысына сәйкес 5 түрін шығарып жатырмыз. 1.13 ...Негізі осы жерден доставка жасаймыз.Сосын магазиндеріміз бар соларға апарамыз.//

 Экскурсия барысында кәсіпкерлер цехтарды аралап көріп, өзара пікір алмасты.

ВЕНЕРА ДӘУЛЕТБАЕВА – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІ САЛААРАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ Қызылорда қаласында әйелдер қауымдастығы бар. Атамекен палатасында және ReWomen қауымдастығы бар. Бұл жерде біздің белсенді кәсіпкер ханымдар. Сол ханымдарға арнап, осы өңіріміздегі кәсіптің қалай дамып жатқанын іштей көрсету мақсатында осындай бизнес шолулар ұйымдастырылады. Осы 2025 жылы бізде 15-ке жуық бизнес шолулар ұйымдастырылды. Оның ішінде бүгін «Тұмар» шағын өнеркәсіптік орталығына келіп жатырмыз. //

 «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағында өнімдер өндіріліп қана қоймайды, басқа дүкендерге жөнелтілумен қатар, тұрғындардың осында келіп сауда жасауына да жағдай жасалған. Қазіргі уақытта мұнда ет пен сүт, нан-тоқаш, шұжық, жартылай дайын өнімдер даярлайтын және кондитерлік цехтар орналасқан.

 ЖІБЕК МҰХИМОВА – «ТҰМАР» ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІП АЙМАҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 «Тұмар» шағын өндірістік алаңында барлығы 8 кәсіпкер орналасқан. Бұл республика бойынша алғашқы проект болып саналады. Бір ғимараттың ішінде 8 түрлі кәсіпкерлердің жұмыс жасауы және олардың барлық стандарттарға сәйкес өнім шығаруы. Қазіргі таңда осы проектілер республиканың басқа жерінен де ашылуы жоспарлануда. Кәсіпкерлердің барлығы жұмысын жасап, қаладағы дүкендердің сөресінен іште орналасқан кәсіпкерлердіңөнімдерін ала аласыздар. Болашақта үлкен дүкендерге өз өнімдерімізді шығаруға жұмыс жасап жатырмыз.

 Бизнес экскурциядан соң кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау тетіктері, гранттар мен бағдарламалар туралы арнайы ақпарат берілді.