#qyzylordatv

Облыс орталығында «Ақмешіт» фольклорлық ансамбілінің әртісі Ақнұр Аманбаеваның «Мәңгілік әуен» атты шығармашылық кеші өтті. Өнер иесі ескі де есті шығармаларды түрлі аспапта орындап, өнер сүйер қауымға ерекше әсер сыйлады.

 Ақнұр Аманбаева жас та болса табиғи дарынын ұқыппен ұштап, талай додаларда оза шапқан өнерпаз. Бүгінде ол «Ақмешіт» фольклорлық ансамбілінің белді мүшесі.

 Бағдат Сұлтанұлы, Мұрат Құттымұратов, Асанәлі Бұрханұлы, Алдияр Шағдатов сынды ұстаздардан тәлім алған Ақнұр Аманбаева домбыра, жетіген, саз сырнай, уілдек сынды қазақтың көне аспаптарын жетік меңгерген.

 АҚНҰР АМАНБАЕВА - «АҚМЕШІТ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБІЛІНІҢ ӘРТІСІ //Бұл кеште осы аспаптарды жаңа қырынан ашу, сондай-ақ солардың мүмкіншіліктерін халыққа көрсету. Ансамбльдегі орны қандай және жас ұрпақты көнеден келе жатқан аспаптармен таныстыру. Бұл Қызылордада бұрын соңды болмаған.//

 Жас өнерпаз бұған дейін облыстық және республикалық фестивальдерде өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ансамбльдің құрамында жүріп, Өзбекстан Республикасында және Ақтөбе мен Тараз қалаларында өткен халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

 АЙДАР МАҚСҰТҰЛЫ - «АҚМЕШІТ» ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБІЛІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ //Ақнұр қызымыз колледж қабырғасында оқып жүріп, Мұрат Құттымұратов деген ағайымыздан домбыра аспабында бітіреді. Одан кейін ЖОО оқып жүріп, Алдияр деген ағайымыздың класына түсіп, сол жақта өзі саз сырнай аспабын қосымша дайындалады. Сол уақытта сол аспабымен ерекше дайындалады. Қазір үздік саз сырнайшылардың қатарына кіргізе аламын. Себебе, оның еңбегі өте зор.//

 Шығармашылық кеште жас өнерпаз ансамбльмен бірге Ықыластың «Ерденін», Марат Бердіғұловтың «Құлагерін», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққуын», Ержан Тоқсабанның «Оспан батырын» және тағы да басқа күйлерді орындады. Сондай-ақ, кеш қонақтары халықаралық-республикалық конкурстардың лауреаттары Жансая Темір, Жаннұр Аманбай, Заманбек Нысанбаев және жас композитор Даниил Шин өнер көрсетті.