#qyzylordatv
Облыстық әділет департаменті «Заң мен тәртіп» шеңберінде тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беріп жатыр. Бұл жолы мамандар Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесіп, көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген отырысында: «Заң – қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң – әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз қажет» деген болатын. Яғни тәртіп жалпыға ортақ құндылыққа, ал заңға бағыну әркімнің өмір салтына айналуы тиіс. Сондықтан азаматтарымыз заң мен тәртіпті мәжбүрлікпен емес, саналы түрде сақтауы керек» деді. Осыған орай облыстық әділет департаментінің мамандары, қалалық прокуратура өкілдері, адвокаттар, нотариустар мен жеке сот орындаушылар тоқсан сайын халықпен кездесулер ұйымдастырып келеді.
ҰЗАҚБАЙ ОРАЗГЕЛДІ – ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ // Бұл құқықтық көмек көрсету халықтың сауаттылығын және өздерінің құқықтарын, өздерінің көкейкесті сұрақтары бар соның барлығын әріптестерім тыңдап, жеке қабылдап жатыр. Бұл іс-шарамыз жалғасын әлі де табады. Заң мен тәртіп барлығымызға ортақ. Жалғыз Қызылорда қаласының тұрғындарына емес шалғай ауылдық округтерде де халықпен кездесіп жүрміз. Одан бөлек, ЖОО мен колледждің студенттерімен және мектептің 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, заң мен тәртіп қағидасын сақтауға және де жастар жағында көбіне заң бұзушылық болмасын қазір енді аймақ басшысы қаламызға түрлі спорт кешендерін салып беріп жатыр ғой. Президентіміз айтты ғой жастарымыз бос жүрмесі. Бос уақытында спортпен, ғылыммен айналыссын деп. Осы мәселелерді ата-аналарға кеңінен түсіндіріп жатырмыз.//
Тұрғындар тарапынан қойылған сауалдар негізінен алимент өндіру, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу, нотариус арқылы шарттарды куәландыруға қатысты болды. Және бір алаңда бірнеше сауалға кешенді түрде жауап алғандар бар. Іс-шара барысында мамандар қазіргі қоғамда интернет алаяқтық белең алып бара жатқанын айтып, түрлі хабарламадан сақ болуға шақырды. Бір айта кетерлігі, қазір осы құқықтық көмектердің барлығын ақысыз түрде алуға болады. Оған мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп отыр.
ҰЗАҚБАЙ ОРАЗГЕЛДІ – ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ / Қазір алаяқтардың өршіп тұрған уақыты болып тұр. Көбінесе тұрғындар алаяқтарға алданып қалып жатыр. Үй алып беремін, машинаңды жақсы бағаға сатып беремін, счеттарыңды аресттен шешіп беремін, сосын көбіне алимент жағынан да өндіру мәселесі де өзекті болып отыр. Қалған мәселелерді де өзіміз түсіндіріп жатырмыз. Шекараға барған кезде де халық атқарушы өндіріс бар екенін білмей жатады. Соны өздері ұялы телефонын алып, гуглге немесе плэй маркетке кіріп, әділет гов кзты алып тірлі ақпаратпен таныса алады.//
МАРТА АЗБЕРГЕНОВА – ОБЛЫСТЫҚ НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ НОТАРИУСЫ // Қазіргі қоғамның алдындағы жауапкершілігі ол тәртіптіол түсінгеннен немесе түсінбегеннен болуы мүмкін. Осы акция арқылы қоғамның дұрысталуына құқықтық ақпараттандыруына, тұрғындардың сауатын ашуға біршама көмегі деп ойлаймын.//
Халықтың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған жиында «Робот сот орындаушының» қызметі түсіндірілді. Пилоттық жүйе ретінде енгізілген жоба қазір еліміздің барлық аумағында жұмыс істеп тұр. Оның мәні – азаматтар 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлды 1 ай көлемінде жеке сот орындаушының қатысуынсыз өтей алады. Айта кетейік, Әділет департаментінің мамандары халықпен кездесуді тоқсан сайын ұйымдастырып келеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізілетін шаралар легі мұнымен шектелмейді. Мамандар акцияларды түрлі форматта өткізуді жоспарлап отыр.