#qyzylordatv

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында кеңес мүшелері күн тәртібінде ұсынылған 4 мәселені жан-жақты талқылап, тиісті шешім қабылдады. Сондай-ақ жиында бірнеше саланың атқарылған жұмыстары сараланып, алдағы жұмыстар талқыланды.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментімен соңғы 10-айда мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына талдау жүргізілген.

Сондай-ақ, кеңес отырысында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикалық бағытында атқарған жұмысының қорытындылары, Техникалық реттеу және метрология комитеті облыстық департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің атқарған жұмыстарының нәтижелері баяндалды.