#qyzylordatv

Шұғыл ақпар! Алдағы күндері облыс аумағында ауа температурасы күрт төмендеп, кей аумақтарда қар жауып, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін. Осыған байланысты төтеншеліктер облыс тұрғындарына автокөлікпен ұзақ сапарға шықпау керектігін ескертіп, сақтық шараларын ескеруге кеңес береді.

 БЕЙБІТХАН СПАНОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ //Бүгін және аптаның алдағы күндерінде облыстың басым көпшілігінде ауа райының төмендеуіне байланысты түнгі уақыттарда минус 15-17 градусқа дейін қатқақ аяз болады. Осыған байланысты облыс тұрғындары мен қонақтарына ескеретініміз сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар техникалық жарамдылығы нашар автокөліктермен ұзақ жолға шықпауға кеңес береміз.//

 Сонымен қатар, дәл қазіргі сәтте мұз үстінде балық аулау адам өміріне өте қауіпті. Себебі, су айдындарындағы мұз әлі де жұқа. Ойылып кетуі мүмкін. Сондықтан мұздың қалыңдығына көз жеткізген дұрыс және ара қашықтықты сақтау керек. Әсіресе, түн мезгілінде мұз үстіне шықпаған жөн, дейді мамандар.