#qyzylordatv

Наурыз, Жақыпбек Махамбетов елдімекендері тұрғындарының назарына! «QazaqGaz Aimaq» Қызылорда өндірістік филиалының хабарлауынша, газ тарату желілеріне «Сабалақ» елді мекенін тауарлық газға қосу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, ертең, яғни 12 желтоқсан күні сағат 8:30-дан 18:00-ге дейін қаладағы «Наурыз» және

«Махамбетов» елдімекендерінде орналасқан жеке тұрғын үйлерге, өнеркәсіптік және тұрмыстық нысандарға табиғи газ беру уақытша тоқтатылады.

 Газ беру тоқтатылған уақыт аралығында тұрғындардан үйдегі газ кранын жабуды және 12 желтоқсан күні сағат 17:00-ден бастап «QazaqGaz Aimaq» мамандарына газ беруді қалпына келтіру үшін үй-жайларға кіруге рұқсат беруді сұрайды. Газдың иіс шығуы анықталған жағдайда 104 телефонына қоңырау шалыңыз.