#qyzylordatv
Облыстық сотта «Жерді пайдалану және қорғау мәселелері бойынша сот тәжірибесін талқылау» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Жиында нысаналы мақсатында пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскелерін сот арқылы қайтарып алу мәселесі талқыланды.
Жер кодексіне сәйкес азаматтар құрылыс нысанын салуға арналған жер учаскесін 3 жылдың ішінде пайдалану керек. Егер белгіленген мерзімде жер нысаналы мақсатында игерілмесе мемлекет меншігіне қайтарылады. Алайда тұрғындар мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз бергеннен кейін барып қимылдайды. Ал, кейбір жер иелері үлкен құрылыс алаңына шағын ғана күзет ғимаратын салып қояды. Дегенмен көп жағдайда сот жауапкердің бұл әрекетін ескеріп, облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің жерді алып қою бойынша талабын қанағаттандырудан бас тартады. Семинарда сөз алған департамент басшысы Марат Көшеков осы мәселені жан жақты қарап, нақты шешім қабылдау керектігін айтты.
МАРАТ КӨШЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
//Дүкен құрылысы салыну керек аумаққа 3\2, 3\3 көлемде кішкентай ғана ғимарат салады. Нақты жағдайда дүкен құрылысы мүлдем жүргізілмегендіктен бұл жағдай Жер кодексінің 92 бабына сәйкес жер учаскесін мақсаты бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген болып саналады. Департаменттің сот тәжірибесіне осы тектес мәселелер бірнеше рет орын алды. Өз кезегінде азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың талдау жобасын қарайтын болсақ онда нысанның құрылысы негізгі мақсатына сай құрылысы басталмаса сәулет жоспарлау тапсырмасының алынуы, мердігермен шарт жасалуы және искиздік жобаның келісілуі жерді игерілді деп саналуға жеткілікті негіз болып саналмайды делінген. Кассациялық соттың бұл тұжырымымен толықтай келісемін\