#qyzylordatv
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді. Мәслихат депутаттарымен және өңірдегі дарынды жастармен кездесуде «Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформаларды сапалы іске асыру ерекше мәнге ие»,- деді Сенат спикері.
Мемлекет басшысы аймақтардың құзыретін күшейтіп, бірқатар өкілеттікті орталықтан өңірлерге беруді маңызды міндет етіп белгіледі. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік дербестігін кеңейту үшін ауқымды өзгерістер орын алуда. Соның нәтижесінде салықтар мен төлемдердің 25 түрі жергілікті деңгейге, оның ішінде аудандар мен ауылдарға берілді. Кездесуде Мәулен Әшімбаев саяси жаңғыру жолындағы тағы бір маңызды мәселе – парламенттік реформа жөнінде айтты. Сондай-ақ ел Президентінің «Turkistan» газетіне берген сұхбатында белгілеп берген міндеттерге назар аударып, цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі бастамалардың маңызына назар аударды.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
//Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде кешенді реформалар іске асырылып жатыр. Басты мақсат – әділетті мемлекет, тиімді экономика және жауапты басқару жүйесін қалыптастыру. Осы аптаның басында «Turkistan» газетіне Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көлемді сұқбаты жарияланған болатын. Онда мемлекет басшысы еліміздің қазіргі ахуалына және алдағы даму бағдарына кеңінен тоқталды. Бұл елімізді әділетті, демократиялық, ашық мемлекетке айналдыруға бағытталған жүйелі саясаттың жарқын көрінісі. Осы жолда ұлт болып ұйысып, Президентіміз белгілеп берген стратегиялық міндеттерді орындауға белсенді атсалысамыз деп сенемін//
Мәулен Әшімбаев облыстың экономикалық өсу перспективалары мен қарқынына назар аударып, жаңа даму тетіктерін жетілдірудің және азаматтардың әл-ауқатын арттырудың маңызды екенін атап өтті. Аймақ басшысы соңғы жылдары өңірде атқарылған оңды істерді баяндады.
Кездесуде зиялы қауым өкілдері облыстың инвестициялық әлеуетіне, іске асырылып жатқан бірқатар жобаның тиімділігін және инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған бастамалардың сәтті жүзеге асқанын жеткізді. Сондай-ақ салық реформасы мен «Таза Қазақстан» экоакциясының маңызына тоқталды.
Сондай-ақ Сенат төрағасына облыстық мәслихат депутаттары бірқатар ұсыныс жолдады. Мәулен Әшімбаев ұсыныстарды зерделеп, олардың тиімділігіне қарай өзгерістер болатынын да жеткізді. Сонымен бірге өңір жастарымен кездескен Сенат төрағасына елді жаңғырту процесінде білімді жас буынның рөлі маңызды деді. Жиында үздіксіз даму, цифрлық сауаттылықты арттыру және озық технологияларды игеру жөнінде кеңінен сөз болды.