#qyzylordatv

Сапар аясында сенаторлар Сыр өңіріндегі бірқатар нысанды аралады. Алдымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездессе, онан соң физика-математика бағытындағы мектеп-интернатында болды.

Білім ордасы заңсыз иемденген активтерден қайтарылған қаражатқа салынған. Дарынды балаларға арналған оқу орнында нақты ғылымдармен қатар ағылшын тілін тереңдетіп оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мұнан соң Сенат депутаттары Инклюзивті спорт орталығына барып, жастармен және оқытушылармен кездесті. Бұл орталық ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жастарға түрлі қызметтер көрсетеді. Олардың қатарында ортаға бейімделу, түзету-дамыту және әлеуметтік-психологиялық қолдау сияқты маңызды салалар бар. Сенаторлардың «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағының өкілдерімен кездесуінде шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдауға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ депутаттар облыстық тарихи-өлкетану музейінің және әуежайдың жаңа терминалының қызметімен танысты.