#qyzylordatv
Жантүршігерлік оқиға. Қалада бір үйдің екі адамы кісі қолынан қаза тапты. Анасы мен 34 жастағы қызын көршісі пышақтап, ауыр дене жарақатын салған. Соның салдарынан жәбірленушілер оқиға орнында көз жұмды.
Бұл жағдайға байланысты қаза тапқандардың көршілері полицияға дереу хабар берген. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция экипажы күдіктіні қылмыс орнында ұстады. Қайғылы жағдай өткен түні қаладағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінде болған. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. 49 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.