#qyzylordatv
Шыны зауытының жанынан бой көтерген «AynaGlass» кәсіпорны жылына 720 мың шаршы метр айна шығара алады. Толықтай автоматтандырылған зауытта 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, былтыр қазан айында іске қосылған «Қызылорда нан» зауытының жылына 7 мың тоннадан астам өнім пісіруге мүмкіндігі бар. Аймаққа іс-сапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары осы өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты.
Мәжіліс депутаттары алдымен нан өнімдерін шығаратын кешенге барды. Озық технологиямен жабдықталған зауытта 120 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
ДӘУЛЕТ САҒИТ – ТІЛШІ //Жаңа кәсіпорында 80-нен астам нанның түрі бар. Мынадай пеште бір сағатта мыңға жуық нан пісіріледі. Ал, күніне мұнда 25 мың дана шығады. Наубайханадан бөлек, тоқаш, макарон және кондитерлік тәттілер өндіретін бірнеше цех жұмыс істейді. Барлығы озық технологиямен жабдықталған.//
Ал, печенье дайындайтын мына құрылғы сағатына 300 келі өнім шығаруға қауқарлы болса, макарон өнімдерін дайындайтын технологияның қуаттылығы сағатына 200 келіге дейін.
МҰРАТ ЕРГЕШБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Мен ойлаймын алдағы уақытта кәсіпкер Қызылорда қаласын 100 пайыз нанмен қамтуға жұмыс жасайды. Себебі, бағаны тұрақтандыру бойынша Мемлекет басшысының нақты тапсырмасы бар қалай болғанда да нарықтағы бағаны өсірмеуге жұмыс жасауымыз керек. Оған тек қана билік тарапынан ғана емес, бүкіл халық болып осыған араласуымыз керек. Негізі осы кәсіпкерлікті қолдауға қомақты қаражат бөлініп жатыр. Мәселен, былтырғы жылы мемлекеттен 1 трлн теңге қаражат бөлінді. Одан бөлек, биыл 500 млрд теңге Бәйтерек холдинг арқылы тағы да қаражат қосымша бөлініп жатыр. Яғни, біз осындай өндіріс ошақтарына баса мән беруіміз қажет.//
Депутаттар шыны зауытының жанынан бой көтерген «AynaGlass» өндіріс ошағының жұмысын да көрді. Ұзындығы 186 метрлік автоматтандырылған желі арқылы шыны жуылып, тазаланып,кептіріліп жатыр. Ал вакуумдық камераларда әйнек айнаға айнала бастайды. Пеш камераларында тағы екі қабат бояу жағылады. Ең соңында мүлтіксіз жұмыс істейтін роботтар қажетті мәліметтерді таспалап, белгілерді басады.
МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Кәсіпорынға 1,5 млрд теңге қаржы құйылған. Оның 200 млн теңгесі кәсіпкердің өз қаржысы, қалғаны «Бәйтерек» даму қорынан берілген. Бұл өңір үшін ауқымды жаңалық. Қазір бүкіл Қазақстанға айнаны кәсіпкерлерге жіберіп отыр. Жалпы осы секілді өндіріс ошақтары шыны зауытының жанынан тағы да ашылады деп отырмыз. Мобильді телефонның бетіндегі әйнектерін, көліктердің ійнектерін шығаратын зауыттар пайда болады деп отырмыз. Бұл жұмыстар толықтай іске асырылса, жүздеген жұмыс орны ашылып, өңірде ірі инвестиция құйылады.//
Қазір серіктестік шикізатты шыны зауытынан алып отыр. Кәсіпорында 55 адам жұмыспен қамтылған.