Отан алдындағы әскери борышын өтеу әр азамат үшін парыз ғана емес, мәртебе. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне үлес қосу үлкен жауапкершілік. «Әскери қызметтің абырой-беделін көтеру және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру – мемлекеттің басты басымдығының бірі»,- деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында. Армияның қазіргі ахуалы қандай? Сарбаздардың бір күні қалай өтеді?

Әскер – тәртіп пен тәрбие мектебі. Мұндағы әрбір сәт сарбаздың тұлға ретінде шыңдалуына үлес қосады. Облыс орталығындағы 5547 әскери бөлімінің жеке атқыштар ротасында 55 сарбаз әскери борышын өтеуде. Біз барған уақытта әскери қызметшілер «Мемлекеттік құқықтық дайындық» пәні бойынша дәріс тыңдап жатыр екен. Тәртіпке бағынып, жауапкершілікті терең ұғынатын ұландар сабақты мұқият тыңдады. Мұнан соң денешынықтыру сабағына қатысу үшін сыртқа беттеді.

АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

//Дәл қазір сарбаздар күн тәртібі бойынша денешынықтыру сабақтарына қатысуда. Сарбаздар мұнда жауынгерлік қызмет, атыс жаттығулары, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша да білімдерін жетілдіреді. //

Өз жұмысына тиянақты сарбаздың бірі – Әлихан Сейдулла. Оның әскери борышын өтеп жүргеніне 6 айдан асыпты. Шымкент қаласынан келген 21 жастағы бозбала жоғары оқу орнын «ғылыми физика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

ӘЛИХАН СЕЙДУЛЛА – САРБАЗ

//Әскери өмірге келуге барлық балдарға кеңес беремін. Өйткені әскери өмір тұрақтылығымен, режимді сақтауымен, жеке басының тұрақты бір сөзділігімен ер жігіттің алып өтетін нәрсесі. Әскерге келгеннен кейін ер жігіттің бір сөзділігі, тұрақтылығын үйрендім. Қасымыздағы сержанттардың аға көңілімен бізге деген ілтипатының арқасында өзімізді шыңдап, тек қана физикалық дайындық емес,өзіміздің моральдық, бірсөзділік, ер жігіттің бойындағы қасиеттерін үйрендім. Әскери қызметшінің бойында өзінің бірсөзділігі, тұрақтылығы, әскерге деген сарбаздарға деген көңілі, жауапкершілік болу керек.//

Әскери бөлімде сарбаздардың отбасымен жиі хабарласып тұруына да жағдай жасалған. Ал оқыс жағдай болғанда байланысуға болатын сенім телфеондары да көрсетілген.

ӘЛИХАН СЕЙДУЛЛА – САРБАЗ

//Біздегі әскери өмірде таксафон карточкасы берілген. Таксафон карточкасы арқылы үйдегілермен жиі сөйлесіп тұрамыз.Өзімнің үйімде 4 ағайынды болғандықтан, үйімнің үлкенімен. Жауапкершілікті өз мойныма алғандықтан іні-қарындас, баурларыма жиі хабарласып, хал жағдайларын біліп тұруға тырасымын//

Мемлекет басшысы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында «Шын мәнінде, сарбаз болу – өзіңді да¬мыту үшін тың мүмкіндіктерге ие болу деген сөз. Әскери борышын өтеп қайт¬қан жастар жоғары оқу орындары мен колледждерде тегін оқи алады» деген болатын. Олар әскерде жүргенде сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді.

НҰРБЕРГЕН ҚАЛЫБЕК – ЖЕКЕ АТҚЫШТАР РОТАСЫ КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАР ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

//Осы кездегі әскери қызметшілер, қызмет етіп жатқан сарбаздар мүмкіншіліктер көптеген жасалған. Іріктеу жауынгерлік дайындықтан өткен, өте жақсы деген бағаға тапсырғандар, өте жақсы деген бағаға тапсырып грант ұтып алады.Сонымен қатар әскери билет арқылы көптеген салаларға жұмысқа кіре алады. Ұлттық ұланға және де ішкі істер министрлігіне, одан кейін төтенше жағдайлар қызметкерлеріне және шекарашы қызметкерлеріне т.б мемлекеттік қызметке әскери билетпенн кіре алады. Бізде қылмыстық атқару жүйесі мекемесін күзететін сарбаздар болғандықтан бізге қатты мән беріледі.Мұнда ауыз толтырып айта алам, 100 пайыз өз еркімен келген сарбаздар осында қалады. Өйткені жауапкершілік өте жоғары, ҚАЖ мекемесін күзетіміз, сарбаздар мұнда жауынгерлік дайындықтан, яғни оқыту пунктінен іріктеліп, өте жақсы деген бағағ тапсырған сарбаздар осында іріктеліп қалады.//

АЙДАНА ЖҰМАДИНОВА – ТІЛШІ

//Сарбаздар мұнда да шығармашылықпен де айналысып, кітап оқып, бос уақыттарын тиімді пайдаланатынына куә болдық. Тіпті бір уақыт ән салып, әңгімелесіп, ой бөлісуге де уақыт табылады. Қане, бірге ән салайық!//