#qyzylordatv
Елімізде ірі қара мал етін экспорттауға шектеу енгізілді. Былтырғы жылдың 31 желтоқсаннан бастап қара малдың етін Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне әкетуге арналған квота енгізілді. Бұл норма биылғы жылдың 30 маусымына дейін қолданылады. Бұдан не өзгереді?
Ірі қара мал етін экспорттауға арналған квотаның жалпы көлемі 20 000 тонна деңгейінде белгіленді. Одан артық ет шетелге шығарылмайды. Бір тұлғаға берілетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына байланысты өлшенген. Кесте: Бір шаруа қожалығына 2 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін ет экспорттауға рұқсат етіледі.
Түркістан облысы, Ордабасы ауданы Бадам ауылы “Сералы “ шаруа қожалығы былтыр 500 бас жылқы мен 500 бас ірі қараны сойып, етін ішкі нарыққа шығарған. Көршілес Өзбекстанға ірі қара мен ұсақ малды экспорттайды. Қазір жайылымда 8 мың қой-ешкі бар екен.
Кейбір компаниялар мен шағын сою цехтары мал бордақыламай, өз өндірістік базасын дамытпай, тек қайта сатумен айналысқан. Салдарынан делдалдық, алыпсатарлық белең алып, ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әкелді. Жаңа тәртіп мұндай делдалдарды экспорт нарығынан ығыстырып, нақты мал өсіріп, өндіріске инвестиция салып, халықты жұмыспен қамтып отырған шаруаларды ғана қалдыруды көздейді.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етінің бағасының қазір тұрақталғанын айтты.