#qyzylordatv
Облыс орталығында «Инклюзивті спорт орталығы» пайдалануға берілді. Мүгедектігі бар жандарға бейімделген спорттық кешен «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры арқылы қаржыландырылған. Сондай-ақ, Сол жағалауда «Сыр жастары» өңірлік бағдарламасымен 100, Титов шағын ауданында әлеуметтік жағынан осал топтағы 135 отбасы баспаналы болды. Қоныс иелерін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев құттықтап, салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады.
Аумағы 3300 шаршы метр, заманауи үлгіде жабдықталған нысанда мүгедектігі бар жандардың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Ғимараттың бірінші қабатында үш спорт залы бар. Мұнда спорттың 7 түрі бойынша жаттығулар жүргізіледі. Ал, екінші қабатта әкімшілік кабинеттер орналасқан.
АРМАН МОЛДАХАНОВ – ИНКЛЮЗИВТІ СПОРТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ голбол, отырып ойнау волейболы, сосын шағын футбол, парапауэрлифтин, парадзюдо, паратэквондо, сурдотэквондо деген секілді спорт түрлерімен шұғылданады. Әзірге 135 спортшы қатысады деп әрекет жасап жатырмыз. Енді біздің жоспарымыз, спорт болған соң ең басты мақсатымыз биік шыңдарда, жарыстарда жетістік көрсету.
Аймақта параспорт жақсы дамып келеді. Ал былтыр спортшыларымыздың асығы алшысынан түсті. Мәселен, Мысырдың Каир қаласында өткен парапауэрлифтингтен Әлем чемпионатында ересектер арасында Фариза Төлжанмен және жасөспірімдер арасында Снежанна Бойко алтыннан алқа тағып, тарихи жеңіске қол жеткізді. Ал, отырып ойнау волейболынан 4 қызылордалық ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, Азия чемпионы атанды. Тоспа доп спортынан байрақты бәсекелерде биік белестерді бағындырып жүрген спортшылар жаңа спорт орталығының ашылғанына дән риза.
ЭРИК ҚАСҚАБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ОТЫРЫП ОЙНАУ ВОЛЕЙБОЛЫНАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
Президентімізге, Қазақстан халқы қорына және облыс әкіміне алғысымызды білдіргіміз келіп тұр. Осындай мүмкідік, серпін сыйлап жатыр. Алдағы уақытта биікке көк туымызды көтеріп, еңбек етеміз осы залда. 2025 жылы 4 спортшы ұлттық құрама сапында өнер көрсетті. Азия чемпионатына барып жүлдеді бірінші орынды алдық. Әлем кубігіне үш спортшы қатысып, 3 орын алдық. Енді қазір бәрі дайындықта жүр. Көбірек спортшыны ұлттық құрама сапына кіргізуге тырысамыз.
Жаңа ғимараттың лентасын қию рәсімінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев спорт саласына айтарлықтай көңіл бөлініп жатқанын жеткізді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ
Қазір тағыда ең ірі жобалардың бірі жүзеге асуда. Ол 20 млрд. 500 млн.теңгеге салнып жатқан көлемі 25 мың шаршы метрді алатын Қызылорда арена. Оның ішінде әлемдік стандарттарға сай 50 метрлік жүзу бассейні, 2,5 мың орындық футзал. Ол универсальный. Ол жерде тек футбол емес, үлкен форум, семинарлар өткізуге лайықталған. Бірнеше спорт залдарымен қамтамасыз етілген. //Биыл ауылдарда Ауыл ел бесігі бағдарламасы аясында бірнеше спорт кешендері салынуда. Алдағы ақпан айында ел игілігіне табыстай бастаймыз.