#qyzylordatv
Орнықты ой, қағытпа қалжың арқылы көрерменге ой сала алатын қызылордалық әзілкештер Сыр сахнасында бас қосты. Облыс орталығында өткен «Grand final» түлектер кездесуіне бүгінгі креативті индустрияда жүрген өнер иелері бас қосты.
Кіл үздіктер қатысқан «Grand final» түлектер кездесуінде «Арал-ас», «Қорқыт», «Тұңғыш Астана», «Қорқыт жастары», «Қызықорда» командалары бақ сынады. Бір қызығы, олар осыдан бірнеше жыл бұрын бір сахнада өнер көрсеткен замандастар. Ал бүгінде медиа саласында өз орнын қалыптастырған сала мамандары.
ҒАЛЫМЖАН КЕҢШІЛІК – ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ
Бүгін енді Қызылорда үшін ерекше күн. Себебі Қызылордадағы Жайдарманның, Қызылордадағы қазақша Квн қозғаласының белді өкілдері әр жылдары ойнаған түлектері Қанат Әлжапбаров бастаған Қызық орда болсын, Қорқыт құрамасы болсын, Қорқыт жастары, Тұңғыш Астана бар, Аралас бар енді үздіктері деп айтсақ болады, Қызылорда квн филиалының солар туған елге, туған жерге өзіндік бір тағызым көрсетіп, құрмет көрсеткісі келіп, дәл осындай бір ерекше жоба ұйымдастырып жатыр. Қазылар алқасы да Қызылордадан шыққан және шеттен келген біздің жұлдызды қонақтарымыз бар.
Ауқымды шараны «Тұңғыш Астана Production» ұйымдастырды. Екі бөлімнен тұратын сайыста әзілкештер ұтымды ой, әдемі әзілімен көрерменнің езуін жидырмай, көңілді кеш сыйлады. Аймақтағы оң өзгерістер де өнер иелерінің назарынан тыс қалмапты.
АБДУСАИД ШАЙХИСЛАМҰЛЫ – СЦЕНАРИСТ, РЕЖИССЕР
Гранд финал деген нәрсе, Қызылорда облысының чемпиондарының басын қосып, чемпиондардың чемпионы, яғни түлектердің кездесуін ұйымдастыру бұл үшінші рет ұйымдастырылып жатыр. Бұған дейінгі филиал тарихында жақсы өнер көрсеткен республикалық командалардың басын қосып, көрерменге сағынған әзілдерін, сағынған жайдарманшыларын сахнаға шығарып, сағыныштарын басу деген мақсатта басталған.
НҰРЛЫБЕК АСАНБАЕВ – АКТЕР, СЦЕНАРИСТ
Гранд финал түлектер кездесуі жыл басындағы жайдарманның Қызылорда облысындағы қазақша квннің үлкен серпілісі деп айтуға болады. Себебі жан-жақтан келген, сағынып келген, 10-15 жылдан бері сахнаға шықпаған командалар бар арасында.жігіттер бар.Бұл жердегі негізгі мақсат бұрын ойнап кеткен жігіттері сахнаға шығарып,солардың сағынышын басу, көрерменмен жүздесі.Бір әдемі әзіл қалжың, ескі әзілдерді еске түсіру.Жаңа әзілдерді қазіргі форматтағы әзілдермен ұштастыру үлкен бір фестиваль жоба деп айтуға болады.
Үздіктер жиналған сайыста «Қорқыт» құрамасы жеңімпаз атанса, «Арал-ас» командасының асығы алшысынан түсіп, бас демеуші ұсынған 1 миллион теңгені қанжығасына байлады. Сондай-ақ, қатысушаларға жеке номинациялар табысталды.