#qyzylordatv
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сенат, Мәжіліс депутаттарымен бірге Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында жүргізіліп жатқан теміржол вокзалдарындағы жөндеу жұмыстарымен танысты.
Бұған дейін «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимараты күрделі жөндеуден өткен болатын. Қазіргі күні бұл жұмыстар аудандарда да жүргізілуде. Мәселен, Сексеуіл кенті мен Арал қаласындағы теміржол вокзалы қайтадан салынса, Әйтеке би, Жосалы және Төретам кентіндегі ғимараттар заман талабына сай жаңғыртылуда. Атап айтсақ, вокзалдың сырты, іші толықтай жаңартылып, күту залы, билет сату орындары және санитарлық тораптар заманауи талаптарға сәйкестендірілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілер толықтай ауыстырылып, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалған. Құрылыс монтаждау жұмыстарын көрген облыс әкімі мердігер мекеме өкіліне ең бірінші кезекті сапаға мән беруді тапсырды.
ҚАЙРАТ ЕРНАЗАРОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫСЫ \Мұнда тек сапалы материалдар қолданылды. Өйткені біз уақытқа қарадық. Төбесін жапқан кезде көбісі екі жыл ғана гарантия берді, бірақ мекеме 50 жыл берді. Біз соны алдық қымбат әрине, бірақ сапасы жақсы.... \
МАРХАБАТ ЖАЙЫМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ \бұл вокзал 1902 жылы салынған. Яғни 124 жыл болған. Қазір енді құрылысшылар өте сапалы салып жатыр мамандар әкеліп Алматыдан. Облыс басшысының осы талапшылдығының арқасында үлкен жұмыстар атқарылып жатыр... \