Қызылордада ұялы телефон ұрлаған тұрғын сауда дүкенінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 21 жастағы азаматты қолға түсірді.


Тергеу барысында анықталғандай, оның сатылымда тұрған ақ түсті iPhone 16 маркалы ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап жатқан сәті бейнебақылау камерасына жазылған. Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.