Облыста жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл бағытында кешенді жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақтық қорғаныс пен халықты құлақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері де тұрақты назарда. Өткен жылды қорытындылаған облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Марат Құрманбаев атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндады.


Оның айтуынша, былтыр ауа райының қалыптасуына байланысты көктемгі су тасқыны кезеңі өңірде айтарлықтай шығынсыз өтті. Су басу қаупі бар аумақтар алдын ала анықталып, су тасқынына қарсы материалдық-техникалық қорлар жеткілікті деңгейде қалыптастырылған. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар пысықталып қойған.


 МАРАТ ҚҰРМАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Жалпы өздеріңіз білетіндей бізде жылма жыл әсіресе мына қыс мезгілінде, қысқы көктемгі су тасқыны кезінде Сырдария өзенінің арнасында орын алады. Осы бағытта біздер 2025-2026 жылдарда су тасқынының алдын алу қала аудан әкімдіктері, су шаруашылығы мекемелері және мемлекеттік орган қызметкерлері мен арнайы жұмысшы тобы құрылып су шаруашылығы нысандарындағы жалпы жағдайға зерттеу жүргізіледі жылма жыл.Нәтижесінде жөндеу жұмыстарын қажет ететін 21нысан анықталды оның ішінде 8 қорғаныс бөгеттері, 4 су қоймасы 6 гидротехникалық нысандар .