Елде тұрғын үй бағасының шекті сомасы бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов айтты.

ГЕО: БЕЙНЕҚОР

Диктор кадр сыртында: «Қазір елдегі баспана бағасы сұранысқа қарай қалыптасып отыр. Яғни, сатып алушылар көбейгенде күрт көтеріледі. Мұның алдын алу үшін үй құрылысы комбинаттарымен келісімшарт жасасуды қарастыруға болады» деді вице-министр. Айтуынша, осылайша құрылыс материалдары делдалсыз, төмен бағаға алынады. Демек, үй де кенеттен қымбаттап кетпейді. Бірақ шекті соманың нақты қашан бекітілетіні белгісіз. Қуандық Қажкенов әзірге мәселе жан-жақты зерделеніп жатыр деді.