#qyzylordatv
Облыс аумағында қаңтардың 9-ы мен 12-сі аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Соның нәтижесінде 5 қылмыстық, 47 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Заңсыз айналымнан 16 қару алынды. Оның төртеуі криминалдық қару болса, біреуі бұрын жоғалғаны белгілі болды. Сондай-ақ, шаруа қожалығын тексеру барысында 9 атыс қаруы тәркіленді.
Ал, облыс тұрғындары өз еркімен 35 қаруды тапсырған. Айта кетейік, полиция департаменті тұрғындарға заңсыз сақталған қару-жарақты өз еркімен тапсыру қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады. Ал керісінше, қаруды заңсыз сақтау фактілері анықталған жағдайда Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген.